Deposit Card және SuperCard шығару, қайта шығару және жабу
SuperCard дегеніміз Freedom-ның негізгі көпвалюталы картасы. Сіз карта дизайнын мына тізімнен таңдай аласыз:
Бұл карта көпвалюталы болғандықтан, ақшаңызды бірнеше валютада сақтап, жинай аласыз. Карта бірден екі валюталық шотпен ашылады: ұлттық валюта (KZT) және АҚШ доллары (USD). Ал қалған шоттарды – Ресей рублі (RUB), еуро (EUR), Қытай юані (CNY), Түрік лирасы (TRY) және БАӘ дирхамы (AED) – Freedom SuperApp қолданбасында кез келген уақытта өзіңіз ашып, жаба аласыз.
Егер бейрезиденттер үшін Freedom Banker қолданбасында қосымша тағы үш валютада шот ашу мүмкіндігі бар: Қырғыз сомы (KGS), Тәжік сомониі (TJS) және Өзбек сомы (UZS).
SuperCard Қазақстан азаматтары, Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер, басқа мемлекет азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшін 5 жылға дейін жарамды.
Сіз SuperCard-тың сыйақы түсіп тұратын нұсқасын да таңдай аласыз. Бұл жағдайда картаңыз депозиттік шотқа байланады: картаны толтырғанда ақшаңыз автоматты түрде депозитке түседі, ал сауда жасағанда сол депозиттен ұсталады. Сыйақы мөлшері шотыңыздағы ақша сомасына және күнделікті жиынтық қалдық шартын орындауыңызға байланысты болады.
Жаңартылды: 20.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
50% «Иә» деп ойлайды
Егер сізде Банктің басқа карталары болмаса, Super App ішінде 4 Super Card-қа дейін ашуға болады. Бір уақытта ашып, пайдалана алатын карталардың ең көп саны — 4. Бұл санға Freedom Bank-тің барлық қолданыстағы картасы кіреді: премиум, корпоративтік және қосымша карталар да есепке алынады.
Жаңартылды: 15.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
57% «Иә» деп ойлайды
Қосымшаның басты бетінде Super Card-ты таңдап, «Баптаулар» бөлімінен «Пластик картаға тапсырыс беру» батырмасын басыңыз да, ыңғайлы мекенжайды көрсетіңіз.
Алматы немесе Астанада болсаңыз, картаңызды 3-5 жұмыс күні ішінде жеткіземіз. Басқа қалаларда — 9 жұмыс күніне дейін, Екібастұз бен Түркістанда — 11 жұмыс күніне дейін, Қорғас (ШЫХО) пен Қонаевта (Қапшағай) — 12 жұмыс күніне дейін.
Freedom-ның картоматтары арқылы пластик карта шығара аласыз.
Сондай-ақ кез келген Freedom бөлімшесіндецифрлық карта ашып, пластик картаны да тапсырыс беруге болады.
Бұл жағдайда жеке куәлігіңізді алып келуді ұмытпаңыз, ал егер сіз бейрезидент болсаңыз, осында көрсетілген құжаттарды алып келіңіз.
Карта тарифтері мен шарттары өзгеруі мүмкін. Актуалды ақпарат әрдайым мына бөлімде тұрады: «Құжаттама» → «Жеке тұлғалар үшін» тармағы → «Тарифтер» → «Жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтерге, оның ішінде төлем карталары бойынша банктің комиссиялық сыйақы тарифтері» құжаты.
Егер FAQ бөліміндегі немесе құжаттардағы мәліметтер арасында айырмашылық байқасаңыз, бізге хабарлаңыз — төмендегі «Жоқ» батырмасын басып, қандай түзету қажет екенін жазыңыз.
Жаңартылды: 04.11.2026
Жауап пайдалы болды ма?
96% «Иә» деп ойлайды
Бұл — депозит пен картаныны біріктіретін өнім: енді бір шоттан екнші шотқа ақша аударудың қажеті жоқ. Карта депозиттік шотқа байланыстырылып, оның балансын көрсетеді. Карта бойынша шығыс операцияларын жасағанда ақша депозиттен есептен шығарылады, ал картаны толықтырған кезде қаражат депозитке түседі.
Депозитке ақша аудару да оңай әрі жылдам: картаны толықтырсаңыз, депозит те автоматты түрде толықтырылады.
Карта мультивалюталық — қазақстандықтар үшін 7 валютада, ал бейрезиденттер үшін 10 валютада ақша жинауға мүмкіндік береді. Карта әдепкі бойынша екі валюталық шотпен ашылады: ұлттық валютада (KZT) және АҚШ долларында (USD).
Қалған шоттарды — Ресей рублінде (RUB), еурода (EUR), Қытай юанінде (CNY), түрік лирасында (TRY) және БАӘ дирхамында (AED) — кез келген уақытта Freedom SuperApp қосымшасында ашуға немесе жабуға болады.
Бейрезиденттер үшін қосымша тағы үш валютада — қырғыз сомында (KGS), тәжік сомониінде (TJS) және өзбек сомында (UZS) — шоттар ашу мүмкіндігі Freedom Banker қосымшасында қолжетімді.
Қазақстан азаматтары, Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар үшін Deposit Card картасының жарамдылық мерзімі — 5 жылға дейін.
Жаңартылды: 20.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Freedom-ның картоматтары арқылы пластик карта шығара аласыз.
Сондай-ақ кез келген Freedom бөлімшесінде цифрлық карта ашып, пластик картаны да тапсырыс беруге болады.
Айта кетейік, пластик картаны алу үшін жеке куәлігіңізді алып келуді ұмытпаңыз.
Егер сіз картаңызды бұған дейін ашқан болсаңыз, бірақ пластикті әлі алмаған болсаңыз, оны Freedom SuperApp арқылы ала аласыз. Қосымшаның бас бетінде Deposit Card картасын таңдаңыз. Реттеулер бөлімінде Пластикалық картаға тапсырыс беру түймесін басыңыз да, қажет мекен-жайды енгізіңіз. Алматы немесе Астанада болсаңыз, картаңызды 3-5 жұмыс күні ішінде жеткіземіз. Басқа қалаларда — 9 жұмыс күніне дейін, Екібастұз бен Түркістанда — 11 жұмыс күніне дейін, Қорғас (ШЫХО) пен Қонаевта (Қапшағай) — 12 жұмыс күніне дейін.
Жаңартылды: 04.11.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Deposit Card-қа қарағанда, сіз SuperCard-ты депозиттік шотқа байламай-ақ, кәдімгі дебеттік карта ретінде аша аласыз. Бұл нұсқа депозиттен пайыз алғыңыз келмеген жағдайда қолайлы.
Ал депозиттік нұсқасын таңдасаңыз, SuperCard-тың барлық шарты Deposit Card-пен бірдей болады. Картаңыз депозиттік шотқа байланады және ондағы теңгерімді көрсетіп тұрады. Төлем жасағанда ақша депозиттен ұсталады, ал толтырғанда депозитке түседі. Яғни SuperCard-қа ақша салу арқылы сіз депозиттік шотыңызды автоматты түрде толтырасыз.
Тағы бір айырмашылығы – сіз SuperCard үшін мынадай дизайн түрлерін таңдай аласыз:
Жаңартылды: 15.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
97% «Иә» деп ойлайды
Жаңартылды: 20.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
SuperCard үшін карта дизайнының келесі түрлері бар:
Мобильді қосымшада картаны рәсімдегеннен кейін сізге бірден картаның цифрлық нұсқасы қолжетімді болады.
Сондай-ақ, мобильді қосымшада Deposit card және Supercard цифрлық дизайнын, соның ішінде премиум нұсқаларын өзгертуге болады. Мұны қалай жасауға болады, олар осы жауапта жазды.
Маңызды: кейбір цифрлық карталардың дизайнын пластикалық картада қайталау мүмкін емес.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
82% «Иә» деп ойлайды
Visa және Mastercard төлем жүйесіндегі Super Card пен Deposit Card (және олардың премиум нұсқалары) карталарына дизайнды Freedom SuperApp қосымшасында өзгертуге болады:
Freedom SuperApp қосымшасында дизайнды өзгерткеннен кейін әмиянда да автоматты түрде жаңарады.
Ескеретін жайт: дизайн тек карта Google Pay, Apple Pay немесе басқа әмияндарға қосылған болса ғана ауыстырылады.
Пластик картаның дизайны өзгермейді — цифрлық картаның дизайнын ауыстырсаңыз да, пластик бастапқы дизайнымен шығарылады.
Жаңартылды: 12.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
50% «Иә» деп ойлайды
SuperCard картасын SuperApp мобильді қосымшасында, картоматта және банк бөлімшесінде қайта шығаруға болады. Deposit Card картасын тек картоматта және банк бөлімшесінде қайта шығаруға болады. Бұл қызмет Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға қолжетімді.
ВНЖ-сы жоқ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар Super Card және Deposit Card карталарын тек Freedom Banker қосымшасында немесе банк бөлімшесінде қайта шығара алады.
Барлық клиенттер үшін карталар 5 жылға дейін қайта шығарылады.
Картаны алғаш шығарған бөлімшеге жүгініңіз. Бөлімшеде қайта шығару кезінде жеткізу мүмкіндігі қарастырылмаған. Өзқіңізбен бірге жеке куәлігіңізді ала келіңіз:
Ерекше жағдай. Егер картаны Қазақстанның бір өңірінде шығарған болсаңыз, алайда оны басқа өңірде қайта шығарғыңыз келсе, келесі нұсқауды орындаңыз:
Жаңартылды: 12.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
SuperCard картасын SuperApp мобильді қосымшасында, картоматта және банк бөлімшесінде қайта шығаруға болады. Deposit Card картасын тек картоматта және банк бөлімшесінде қайта шығаруға болады. Бұл қызмет Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға қолжетімді.
ВНЖ-сы жоқ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар Super Card және Deposit Card карталарын тек Freedom Banker қосымшасында немесе банк бөлімшесінде қайта шығара алады.
Барлық клиенттер үшін карталар 5 жылға дейін қайта шығарылады.
Картоматта тек пластик картаны қайта шығаруға болады. Цифрлық картаны жаңартылмайды.
Маңызды: Қазақстанда тұруға рұқсаты бар шетел азаматтары картаны картоматта қайта шығара алмайды. Егер сіз осы санатқа жатсаңыз, банк бөлімшесіне жүгініңіз.
Freedom картоматында картаңызды қайта шығару үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
Жаңартылды: 10.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
SuperCard картасын SuperApp мобильді қосымшасында, картоматта және банк бөлімшесінде қайта шығаруға болады. Deposit Card картасын тек картоматта және банк бөлімшесінде қайта шығаруға болады. Бұл қызмет Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға қолжетімді.
ВНЖ-сы жоқ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар Super Card және Deposit Card карталарын тек Freedom Banker қосымшасында немесе банк бөлімшесінде қайта шығара алады.
Барлық клиенттер үшін карталар 5 жылға дейін қайта шығарылады.
Назар аударыңыз: егер картаңыздың жарамдылық мерзімі аяқталса, оны тек мерзімі аяқталатын айда ғана тегін қайта шығара аласыз. Мысалы, картаңыздың мерзімі сәуірде аяқталса, оны сәуір айында ғана тегін қайта шығаруға болады. Ал егер картаны мамыр айында қайта шығарсаңыз, 2000 теңге комиссия алынады.
4. Хабарламадан келген OTP-кодты жазыңыз. Егер картаны өз қалауыңызбен қайта шығарып жатсаңыз, кодты енгізгеннен кейін қайта шығару комиссиясы шегеріледі.
Дайын! Картаңыз бірнеше минут ішінде қайта шығарылады. Карта дайын болғанда, қосымшада хабарлама аласыз.
Кейбір карталарды тек картоматтан немесе банк бөлімшесінен ғана қайта шығаруға болады.
Егер сізде «Картаны қайта шығару» батырмасы көрінбесе немесе қайта шығару барысында қате орын алса, Freedom SuperApp қолдау чатына жазыңыз: қосымшаның басты бетінде «Хабарламалар» → «Қолдау қызметі» бөлімін таңдаңыз.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Егер картада келесі шектеулер болмаса, оны SuperApp қосымшасында қашықтан жабуға болады:
Картаны нөлдік қалдықпен де, оң қалдықпен де жабуға болады — соңғы жағдайда жаппас бұрын картаның барлық қаражатын алып шығу қажет.
Картаға байланған ағымдағы шоттар карта жабылған соң 31 күн өткеннен кейін автоматты түрде жабылады.
Ал мына жағдайларда шоттар жабылмайды:
1-мысал: егер шотыңызда қалдық болмаса, бұл шот картаны жапқаннан кейін 31 күннен соң жабылады.
2-мысал: егер шотыңызда қалдық болса (мысалы, ақша түссе), бұл шот жабылмайды.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Картаны жаппас бұрын, егер бар болса, картадан қалдықтарды бірден шығаруға кеңес береміз. Нөлдік теңгерім болған кездегі мен оң қалдық болған кездегі жабу жолдары біршама ерекшеленеді.
Картаға байланған ағымдағы шоттар карта жабылған соң 31 күн өткеннен кейін автоматты түрде жабылады.
Ал мына жағдайларда шоттар жабылмайды:
1-мысал: егер шотыңызда қалдық болмаса, бұл шот картаны жапқаннан кейін 31 күннен соң жабылады.
2-мысал: егер шотыңызда қалдық болса (мысалы, ақша түссе), бұл шот жабылмайды.
Жаңартылды: 02.11.2026
Жауап пайдалы болды ма?
80% «Иә» деп ойлайды