Депозит бойынша сыйақы
Сыйақы есептелуі әр ай сайын жүргізіледі. Сыйақының мөлшері депозиттік шоттағы күнделікті қалдыққа байланысты болады, ал сыйақы мөлшерлемесі жоғарыдан төменге немесе төменнен жоғарыға өзгеруі мүмкін.
Қалдық барлық валюталар бойынша бірлесіп есептеледі. Freedom инвестициялық валютасындағы шоттағы қалдық сыйақыны есептегенде ескеріледі.
Қазақстан Республикасының азаматтарына, резидент және резидент емес тұлғаларына барлық валюта бойынша қолданыстағы мөлшерлемелер Deposit Card бетінде көрсетілген.
Карта тарифтері мен шарттары өзгеруі мүмкін. Актуалды ақпарат әрдайым мына бөлімде тұрады: «Құжаттама» → «Жеке тұлғалар үшін» тармағы → «Тарифтер» → «Жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтерге, оның ішінде төлем карталары бойынша банктің комиссиялық сыйақы тарифтері» құжаты.
Егер FAQ бөліміндегі немесе құжаттардағы мәліметтер арасында айырмашылық байқасаңыз, бізге хабарлаңыз — төмендегі «Жоқ» батырмасын басып, қандай түзету қажет екенін жазыңыз.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
71% «Иә» деп ойлайды
Депозиттің қолданылу мерзімі:
Депозит мерзімі аяқталғанда автоматты түрде сол мерзімге шексіз ұзартылып отырады. Ұзартылған жағдайда сыйақы мөлшерлемесі сол күнгі қолданыстағы шарттарға сәйкес белгіленеді.
Жаңартылды: 11.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Сыйақы есептелуі әр ай сайын жүргізіледі. Сыйақының мөлшері депозиттік шоттағы күнделікті қалдыққа байланысты болады, ал сыйақы мөлшерлемесі жоғарыдан төменге немесе төменнен жоғарыға өзгеруі мүмкін.
Қалдық барлық валюталар бойынша бірлесіп есептеледі. Freedom инвестициялық валютасындағы шоттағы қалдық сыйақыны есептегенде ескеріледі.
Қазақстан Республикасының азаматтарына, резидент және резидент емес тұлғаларына барлық валюта бойынша қолданыстағы мөлшерлемелер Deposit Card бетінде көрсетілген.
Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары және резидент еместер үшін сыйақы мөлшерлемелерін өзгерту шарттары:
Сыйақы төлемі тек жинақталған сыйақы сомасы 10 000 ₸ немесе одан жоғары болған жағдайда (әр валюта үшін бөлек) жүзеге асырылады.
Салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы (ЖТС) шегеріледі.
Мысал 1
KZT депозиті: 5500 ₸ – 10% ЖТС = 4950 ₸.
USD депозиті: 5 $ – 10% ЖТС = 4,5 $ (2208,78 ₸).
Еуро, Ресей рублі, Қытай юані, Түркия лирасы және Біріккен Араб Әмірліктері дирхамы депозиттері бойынша төлем жасалмайды, өйткені ең төменгі сомаға жетпейді.
Мысал 2
KZT депозиті: 5500 ₸ – 10% ЖТС = 4950 ₸.
USD депозиті: 27 $ – 10% ЖТС = 24,3 $ (11 927,41 ₸).
Еуро, Ресей рублі, Қытай юані, Түркия лирасы және Біріккен Араб Әмірліктері дирхамы депозиттері бойынша төлем жасалмайды, өйткені ең төменгі сомаға жетпейді.
Бұл жағдайда тек АҚШ доллары депозиті бойынша төлем жасалады.
Жаңартылды: 12.11.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Сыйақыны карта баптауларынан кез келген уақытта қосуға болады.
Сыйақы есептеу функциясын таңдаған кезде картаңыз депозиттік шотқа байланыстырылып, оның балансын көрсетеді. Карта бойынша шығыс операцияларын жасағанда ақша депозиттен есептен шығарылады, ал картаны толықтырған кезде қаражат депозитке түседі. Депозитке ақша аудару да оңай әрі жылдам: картаны толықтырсаңыз, депозит те автоматты түрде толықтырылады.
Қазақстан азаматтары үшін шоттағы күнделікті қалдық 100 000 теңгеден (немесе баламасы) жоғары болған жағдайда, сыйақы айына бір рет есептеледі*. Егер айдың бір күнінде депозиттік шоттағы жиынтық қалдық 100 000 теңгеден аз болса, барлық валюталар бойынша сыйақы талап етілгенге дейінгі салым мөлшерлемесі бойынша есептеледі.
Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар үшін шотаағы күнделікті қалдық 10 000 000 теңгеден (немесе баламасы) жоғары болған жағдайда, сыйақы айына бір рет есептеледі*. Егер айдың бір күнінде депозиттік шоттағы жиынтық қалдық 10 000 000 теңгеден төмен болса, сыйақы 0,04% мөлшерлемесімен есептеледі. Дегенмен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке табыс салығын шегергеннен кейін, валюта бойынша есептелген сыйақы сомасы кемінде 10 000 ₸ баламасында болған кезде ғана сыйақы төленеді.
Барлық валюталар бойынша ҚР азаматтарына, резиденттерге және бейрезиденттерге арналған өзекті мөлшерлемелерді Deposit Card парақшасынан көре аласыз. SuperCard мөлшерлемелері Deposit Card мөлшерлемелерімен бірдей.
* Freedom инвестициялық валютасындағышоттағы қалдық та сыйақыны есептеу кезінде ескеріледі.
Маңызды: бейрезиденттерге SuperCard және Deposit Card бірден сыйақы есептеу функциясымен ашылады — оны өшіру мүмкін емес.
Жаңартылды: 12.11.2026
Жауап пайдалы болды ма?
67% «Иә» деп ойлайды
Депозит бойынша пайыздар ай сайын бірінші жұмыс күні есептеледі. Есептеу кезінде бір айдағы сыйақының жалпы сомасы есепке алынады.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
94% «Иә» деп ойлайды
Бұл салым сомасына есептелген пайыздардың ай сайынғы өсімі. Осылайша, депозиттегі сома өседі, ал кейінгі есептеулер ұлғайған сомаға жүргізіледі.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Барлық депозиттер Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен сақтандырылған. Қор теңгелік шоттағы 10 миллион теңгеге дейінгі және шетел валютасымен 5 миллион теңгеге дейінгі соманы жабады. Шарттар туралы толығырақ ақпаратты «Құжаттама» бөлімінен таба аласыз.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
83% «Иә» деп ойлайды
Депозитті толтырғанда кіріс қалдығы, ал қаражатты шешкенде шығыс қалдығы есепке алынады. Егер клиент күн ішінде шотты толтырса, қалдық келесі күні есепке алынады. Ал егер сол күні қаражат шешсе, қалдық сол күннің өзінде есепке алынады.
Мысал 1. Толтыру
Егер шотта 10 000 ₸ (төменгі қалдықтан аз) болса және сіз сол күні шотқа 20 000 ₸ толтырсаңыз, сол күнге тек 10 000 ₸ кіріс қалдығына минималды мөлшерлеме бойынша сыйақы есептеледі. Толтырған 20 000 ₸ келесі күні есепке алынады.
Мысал 2. Қаражат шешу
Егер шотта 10 000 ₸ (төменгі қалдықтан аз) болса және сіз 7 000 ₸ шешсеңіз, сол күнге тек 3 000 ₸ шығыс қалдығына минималды мөлшерлеме бойынша сыйақы есептеледі.
Мысал 3. Қаражат шешу және толтыру
Егер шотта 50 000 ₸ (төменгі қалдықтан аз) болса, және сол күні 10 000 ₸ шешіп, одан кейін шотқа 60 000 ₸ толтырсаңыз (00:00 дейін), сол күнге 100 000 ₸ шығыс қалдығына минималды мөлшерлеме бойынша сыйақы есептеледі.
Мысал 4. Толтыру және тағы толтыру
Егер шотта 10 000 ₸ (төменгі қалдықтан аз) болса, және сол күні алдымен 30 000 ₸, кейін тағы 60 000 ₸ толтырсаңыз (00:00 дейін), сол күнге 100 000 ₸ шығыс қалдығына минималды мөлшерлеме бойынша сыйақы есептеледі.
Мысал 5. Толтыру және қаражат шешу
Егер шотта 0 ₸ (депозит ашылған күн емес, төменгі қалдықтан аз) болса және сол күні шотқа 200 000 ₸ толтырып, 100 000 ₸ шешсеңіз (00:00 дейін), сол күнге 100 000 ₸ шығыс қалдығына минималды мөлшерлеме бойынша сыйақы есептеледі.
Мысал 6. Толтыру және қаражат шешу
Егер шотта 100 000 ₸ (төменгі қалдыққа тең) болса және сол күні 200 000 ₸ толтырып, 100 000 ₸ шешсеңіз (00:00 дейін), сол күнге 200 000 ₸ шығыс қалдығына жоғары мөлшерлеме бойынша сыйақы есептеледі.
Мысал 7. Толтыру және қаражат шешу
Егер шотта 100 000 ₸ болса және сол күні 50 000 ₸ толтырып, 100 000 ₸ шешсеңіз (00:00 дейін), сол күнге 50 000 ₸ шығыс қалдығына минималды мөлшерлеме бойынша сыйақы есептеледі.
Мысал 8. Толтыру және қаражат шешу
Егер бүгін шотта 10 000 ₸ болса және 00:00-ге дейін 20 000 ₸ толтырсаңыз, сол күнге тек 10 000 ₸ кіріс қалдығына минималды мөлшерлеме бойынша сыйақы есептеледі. Егер одан кейін 5 000 ₸ шешсеңіз, тек қалған 5 000 ₸-ге минималды мөлшерлеме бойынша сыйақы есептеледі.
Карта тарифтері мен шарттары өзгеруі мүмкін. Актуалды ақпарат әрдайым мына бөлімде тұрады: «Құжаттама» → «Жеке тұлғалар үшін» тармағы → «Тарифтер» → «Жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтерге, оның ішінде төлем карталары бойынша банктің комиссиялық сыйақы тарифтері» құжаты.
Егер FAQ бөліміндегі немесе құжаттардағы мәліметтер арасында айырмашылық байқасаңыз, бізге хабарлаңыз — төмендегі «Жоқ» батырмасын басып, қандай түзету қажет екенін жазыңыз.
Жаңартылды: 12.11.2026
Жауап пайдалы болды ма?
67% «Иә» деп ойлайды
Жоқ, сыйақы 30 күндік ай және 360 күндік жыл есебімен төленеді. Айдағы күн саны 28, 29 немесе 31 болса да, сіз 30 күнге есептелген сыйақыны аласыз.
Жаңартылды: 12.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Депозит пайызы картаны айдың кез келген басқа күні ашқан кездегімен бірдей есептеледі.
Қалған қаражат өнім аясындағы барлық валютамен жиынтық түрде есептеледі, оның ішінде іске қосқан болсаңыз, Freedom валютасы да бар.
Пайыз қалай есептеледі
Қазақстан азаматтарына:
Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар резидент емес тұлғалар мен шетел азаматтарына:
Жоғарыда көрсетілген барлық жағдайда сыйақы әр валюта бойынша есептелген сыйақы сомасы 10 000 ₸-ке баламалы немесе одан жоғары сомаға жеткен жағдайда төленеді. Егер Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделсе, жеке табыс салығы шегеріледі.
1-мысал:
Бұл жағдайда ешбір депозит бойынша төлем жасалмайды.
2-мысал:
Бұл жағдайда тек USD депозитіне төлем жасалады.