Картомат дегеніміз не және қызметі қандай?
Картомат
Картомат
Freedom картоматтарында жаңа карта ашуға және қолданыстағы карталарды қайта шығаруға болады:
Маңызды! Картоматтан карта шығару қызметін тек Қазақстан Республикасының резиденттері және тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары пайдалана алады.
Картоматта барлық карта бола бермейді: пластик картаны шығару мүмкіндігі дайын карталардың болуына, сондай-ақ картаның дизайны мен төлем жүйесіне байланысты. Егер белгілі бір картаның пластик нұсқасы шығарылмаса, сол карта картомат экранындағы карталар тізімінде көрсетілмейді.
Қазіргі таңда картоматтар тек Mastercard төлем жүйесі негізіндегі карталарды шығарады.
Бұған дейін шығарылған Visa карталары үшін картоматты екі жағдайда қолдануға болады: картаны қайта шығару немесе цифрлық картаның пластик нұсқасын басып шығару үшін.
Картаны уақыты біткенде немесе өзіңіздің бастамаңызбен қайта шығаруға болады. Соңғы жағдайда банктің бекітілген тарифтеріне сәйкес қайта шығару үшін комиссия ұсталады. Картаны қайта шығару үшін карта байланған телефон нөмірін көрсетсеңіз болды.
Картаны картоматтан қайта шығарғанда пластик карта ескі картаның шоттарына байланады да, ал ескі карта автоматты түрде жабылады. Бірақ карта нөмірі, жарамдылық мерзімі мен CVC/CVV басқа болады. Тиісінше, жаңа картаны өзіңіз қолданатын барлық қызмет түрлеріне — Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay, таксиге тапсырыс беру қызметі, интернет-дүкендер және т.б.-ларына қайта қосу керек болады.
Mega Syilyq
Картоматтан Mega Syilyq сыйлық картасын да шығара аласыз. Оны жақындарыңызға немесе әріптестеріңізге сыйлауға болады.
Mega Syilyq белгілі бір номиналдағы сертификат түрінде ұсынылады:
Картадағы соманы тек MEGA Family СОО-да төлем жасай отырып жұмсауға болады (MEGA-дан тыс жерлерде операция жүргізілмейді).
Сыйлық карталары мына мекенжайларда бар:
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
60% «Иә» деп ойлайды
Алматы
Астана
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қонаев
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Петропавл
Семей
Талдықорған
Тараз
Түркістан
Орал
Өскемен
Шымкент
Хоргос
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Иә, картомат атаулы карталарды шығарады, бірақ тек резиденттер үшін.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
86% «Иә» деп ойлайды
Тек экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Картаны алу үшін сіз өзіңіздің ЖСН және OTP жіберілетін телефон нөміріңізді білуіңіз керексіз. Егер сұрақтар туындаса, көмек алу үшін банк кеңесшісіне хабарласыңыз. Картада Freedom Bank атаулы (Қазақстан резиденттері үшін) картасын 60 секунд ішінде ресімдеуге немесе қайта шығаруға болады.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Картоматтарда сіз келесі цифрлық карталарға пластик шығара аласыз:
Super Card;
Deposit Card;
Araldy Saqta;
Invest Card.
Картоматтарда барлық карталар қолжетімді болмауы мүмкін: пластик шығару мүмкіндігі карт бланкілерінің болуына, сондай-ақ картаның дизайны мен төлем жүйесіне – Visa немесе Mastercard – байланысты. Егер карта пластик шығару үшін қолжетімсіз болса, ол картомат экранындағы карталар тізімінде көрсетілмейді.
Цифрлық картаны картоматтан шығарған кезде, егер сіздің дизайныңыз картоматта болмаса, төлем жүйесі сіздің цифрлық картаңызбен сәйкес келген жағдайда, картоматтағы қолжетімді дизайндардың бірін таңдай аласыз.
Маңызды! Картомат арқылы карталар шығару тек Қазақстан Республикасының резиденттері және тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары үшін ғана қолжетімді.
Жаңартылды: 11.11.2026
Жауап пайдалы болды ма?
90% «Иә» деп ойлайды
Иә, егер сізде цифрлық SuperCard бар болса, мобильді қосымша ішінде пластик картаға тапсырыс беріп, оны картоматтан ала аласыз.
Картаны ресімдеу үшін:
Карта шығарылғаннан кейін, сізге картаның дайын болғаны туралы Push-хабарлама келеді және картаны бірден қолдана аласыз.
Маңызды! Бұл қызметті тек Қазақстан Республикасының резиденттері мен тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары ғана пайдалана алады.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
78% «Иә» деп ойлайды
Иә. Егер картаны SuperApp арқылы рәсімдеп, оны картоматтан алсаңыз, карта бойынша алғашқы төлемнен кейін 500 теңге кешбэк аласыз. Бұл ретте төлем сомасы кемінде 500 теңге болуы тиіс.
Бір адамға айына кешбэк берілетін карталардың ең жоғары саны — 4. Демек, картоматта карта шығару үшін бір айда алуға болатын кешбэктің ең жоғары сомасы — 2 000 теңге.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
88% «Иә» деп ойлайды
Сіз қолжетімді дизайндардың бірін таңдап, SuperCard картасын шығара аласыз. Дизайндар жиынтығы сіздің ниеттестік деңгейіңізге байланысты.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды