Карталар мен шоттар
Ең көп қойылатын сұрақтар
Резидент емес тұлғалар екі негізгі картаның бірін аша алады: Deposit Card немесе Super Card, сондай-ақ олардың премиум нұсқалары. Бұл карталардың қызмет көрсету шарттары бірдей, тек дизайнында айырмашылық бар.
Deposit Card – бұл өзі депозит карта және кәдімгі карта ретінде пайдалануға болатын карта: карта депозиттік шотқа байланған және депозит шотының теңгерімін көрсетеді. Картамен төлем жасағанда қаражат депозиттен алынады, толықтырғанда – депозитке түседі. Картаға қызмет көрсету – тегін.
Super Card — тарифтері мен шарттары Deposit Card картасына толықтай сәйкес келетін карта. Олардың басты айырмашылығы — Super Card «DC» ғаламының кейіпкерлері, «Рик пен Морти» мультсериалы және «Тақтар ойыны» туындысының бейнелері, сондай-ақ Димаш Құдайберген және Лионель Месси суреттері және FIFA World Cup нышандары қолданылған шектеулі сериялы төлем карталарымен шығарылады.
Invest Card — брокерлік шотпен тәулік бойы операциялар орындауға мүмкіндік беретін мультивалюталық карта. Оның ішінде: құнды қағаздарды сатып алу/сату бойынша бұйрықтарды орындау, сатып алған акцияларды меншік қылып тіркеу және акциялар бойынша дивидендтер алу туралы сияқты операцияларды орындауға болады. Invest Card-пен сіз D-шоттағы қалдық қаражатыңызға USD, KZT және EUR валюталарымен күн сайын табыс ала аласых, сондай-ақ брокерлік шотты комиссиясыз толықтыра аласыз. Шарттары мен тарифтерімен толығырақ осы жерден таныса аласыз.
Invest card Prestige — бұл Freedom Finance Global PLC-дегі брокерлік шотпен байланысқан премиум мультивалюталық карта. Шарттары мен тарифтерімен толығырақ осы жерден таныса аласыз.
Жаңартылды: 05.11.2026
Жауап пайдалы болды ма?
89% «Иә» деп ойлайды
Егер Freedom Bank-те шоттарыңыз бен карталарыңыз жоқ болса, картаны Қазақстанның мемлекеттік eResidency бағдарламасы аясында онлайн ашуға болады. Бұл бағдарлама шетелдіктерге Қазақстанда ресми мәртебені қашықтан алуға және елдің банктерін, бизнес-мүмкіндіктерін және цифрлық сервистерін пайдалануға мүмкіндік береді.
eResidency арқылы электрондық ЖСН мен 12 айға Қазақстанда тіркелген eSIM ресімдеуге болады. Кейін Freedom Banker қосымшасында цифрлық Deposit Card пен SuperCard ашуға мүмкіндік бар. EResidency туралы толығырақ осы бөлімнен біле аласыз.
Егер Freedom Bank-те шотыңыз немесе картаңыз бар болса, жаңа картаны Freedom Banker қосымшасында ашуға болады.
Қалған жағдайларда картаны немесе шотты банк бөлімшесіне барып ашу қажет. Ашу жолы мен керек құжаттар туралы толық ақпаратты осы жерде түсіндірдік.
Жаңартылды: 05.11.2026
Жауап пайдалы болды ма?
75% «Иә» деп ойлайды
Карталар тек кәмелетке толған тұлғаларға ашылады.
2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап барлық картаның қолданылу мерзімі — 5 жылға дейін. Бұрын шығарылған қолданыстағы төлем карталарының шарттары еш өзгермейді: мысалы, егер сіз 12 айлық мерзімге ашылған карта алсаңыз — сол мерзімге дейін қолдана аласыз.
Кез келген карта бірден екі валюталық шотпен ашылады: теңге (KZT) және АҚШ доллары (USD). Бұл шоттар жабылмайды. Ресей рублі (RUB), еуро (EUR), қытай юані (CNY), түрік лирасы (TRY), БАӘ дирхамы (AED), қырғыз сомы (KGS), тәжік сомониі (TJS) және өзбек сомы (UZS) валюталарында ашылған қалған шоттарды Freedom Banker қосымшасында немесе банк бөлімшесінде кез келген уақытта ашып, жабуға болады..
Бір уақытта ашып, пайдалана алатын карталардың ең көп саны — 4. Бұл санға Freedom-ның барлық қолданыстағы картасы кіреді: премиум, корпоративтік және қосымша карталар да есепке алынады.
Карта бойынша сыйақы ай сайын есептеледі. Сыйақы мөлшерлемелері туралы толығырақ ақпаратты осы жерден біле аласыз.
Freedom-ның жаңа клиенттері Deposit Card және SuperCard карталарын мына жолдармен аша алады:
Freedom-ның қолданыстағы клиенттері SuperCard және Deposit Card карталарын Freedom банкінің бөлімшелерінде немесе Freedom Banker қосымшасы арқылы аша алады.
Freedom Banker қосымшасында карта әдепкі бойынша цифрлық форматта ашылады. Оған пластикалық картаны да қосымша арқылы Қазақстан аумағына немесе шетелге жеткізумен бірге тапсырыс беруге болады. Freedom бөлімшесіне жеткізуге тапсырыс беруге болмайды.
Карталарды жеткізу Қазақстан бойынша да, шетелге де қолжетімді. Қазақстан бойынша жеткізу құны — 10 000 ₸, ал жалақы жобасына қатысушылар үшін — тегін. Шетелге жеткізу құны — 25 000 ₸.
Карталарға қызмет көрсеткенге алынатын комиссия — 0 теңге.
Егер карта 1 жыл бойы қолданылмаса (қалдық сома нөл және транзакция жоқ болса), банк оны жабуы мүмкін. Сізге Freedom Banker қосымшасы мен поштаңызға хабарлама келеді. Карта жабылып қалмас үшін зат сатып алу керек.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Иә. Цифрлық SuperCard немесе Deposit Card (жаппай сегмент немесе Premium) картасының иелері, сондай-ақ eResidency мәртебесі бар пайдаланушылар пластикалық картаны ТМД елдері мен алыс шетелдің ірі қалаларына жеткізумен бірге тапсырыс бере алады.
2027 жылғы 21 қаңтарды қоса алғанда, шетел азаматтары үшін жеткізу құны — 25 000 ₸.
Жаңартылды: 20.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
86% «Иә» деп ойлайды
Негізгі және қосымша карталарды шығару – тегін.
Картаны өз қалауыңыз бойынша қайта шығару (жоғалтып алсаңыз, ұрлатсаңыз немесе бүлдіріп алсаңыз) – 2 000 ₸.
Қолма-қол ақша шешу:
Аударымдар:
Карталар бойынша тарифтер мен шарттар өзгеруі мүмкін. Ең өзекті ақпаратты әрқашан «Құжаттама» бөлімінен таба аласыз: «Жеке тұлғалар үшін» → «Тарифтер» → «Жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтерге, оның ішінде төлем карталары бойынша банктің комиссиялық сыйақы тарифтері» құжаты.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Аша алмайсыз. Қазақстанның резидент емес тұлғалары тек сыйақы есептелетін SuperCard немесе Deposit Card қана аша алады.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
2027 жылғы 21 қаңтарды қоса алғанда, пластикалық карталарды жеткізуге арнайы ұсыныс қолданылады.
ТМД елдері мен алыс шетелдің ірі қалаларына жеткізу жүзеге асырылады.
Бейрезидент картаны жеке өзі алуы тиіс. Сенімхат бойынша беру қарастырылмаған.
Картаны алған кезде:
Картаны банк бөлімшесіне жеткізу қарастырылмаған.
Жаңартылды: 20.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
71% «Иә» деп ойлайды
Банк шоты бірден ашылады, ал цифрлық карта 10 минут ішінде қолжетімді болады.
Пластикалық картаны Қазақстан бойынша жеткізу 5–12 жұмыс күнін алады.
Атаулы пластик картаны Қазақстаннан тыс жерлерге жеткізу елге байланысты 7–21 жұмыс күнін алады.
Жаңартылды: 05.11.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
⚠️ Картаны бөтен адамдардың (делдалдардың) көмегінсіз, тек банк қызметкерлері ғана рәсімдейді.
Қазақстандағы қаржы және мемлекеттік қызметтерді пайдаланғысы келетін бейрезиденттер Freedom бөлімшесіне өздері келіп, шот немесе карта ала алады. Банкіге алғаш келгенде өзіңізбен бірге мына құжаттар болуы шарт:
Шот немесе карта ашуға өтініш қалдыру үшін банк бөлімшесіне бару қажет. Бөлімшелердің мекенжайын мына жерденқараңыз.
Жаңартылды: 10.11.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Иә. Цифрлық картаны рәсімдеу кезінде төлем жүйесін өзіңіз таңдай аласыз.
SuperCard және Invest Card үшін Mastercard және Visa карталары қолжетімді.
Deposit Card үшін тек Mastercard төлем жүйесінің карталары шығарылады.
Freedom Banker Card үшін тек Visa төлем жүйесінің карталары қолжетімді.
Сондай-ақ цифрлық картаны рәсімдеу кезінде өзіңізге ұнаған дизайнды таңдай аласыз. Кейбір дизайндар тек Mastercard үшін, ал басқалары тек Visa үшін қолжетімді. Сондықтан дизайн таңдауыңыз төлем жүйесін таңдауға әсер етуі мүмкін.
Маңызды: клиенттердің басым көпшілігі үшін Visa мен Mastercard карталарының арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Екі төлем жүйесі де әлемнің көптеген елдерінде қабылданады және күнделікті сатып алуларға, онлайн төлемдерге және саяхат кезінде пайдалануға қолайлы.
Жаңартылды: 05.11.2026
Жауап пайдалы болды ма?