Invest Card шығару, қайта шығару және жабу
Invest Card— брокерлік шотпен тәулік бойы операциялар орындауға мүмкіндік беретін мультивалюталық карта. Оның ішінде: құнды қағаздарды сатып алу/сату бойынша бұйрықтарды орындау, сатып алған акцияларды меншік қылып тіркеу және акциялар бойынша дивидендтер алу туралы сияқты операцияларды орындауға болады. Invest Card-пен сіз D-шоттағы қалдық қаражатыңызға ₸, $ және € валюталарымен күн сайын табыс ала аласых, сондай-ақ брокерлік шотты комиссиясыз толықтыра аласыз.
Картаның шоттары АҚШ, Еуропа және Азиядағы халықаралық биржаларына қол жетімділікті ұсынатын Freedom Finance Global PLC инвестициялық компаниясындағы жинақтаушы D-шотыңызбен байланысты.
Invest Card-ты рәсімдеу алдында Freedom Finance Global PLC-де D-шот ашу қажет. Оны Freedom Broker қосымшасы арқылы ашуға болады (AppStore | Google Play).
Жаңартылды: 15.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Картаны келесі тұлғалар аша алады:
Бейрезиденттер үшін:
eResidency рәсімінен өтіп, SuperCard немесе Deposit Card картасын ашқаннан кейін қосымша түрде Invest Card ашуға болады.
Жаңартылды: 12.11.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Қазақстан азаматтары және республикада тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер картаны келесі тәсілдермен аша алады
Тұруға ықтиярхаты жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар картаны мына тәсілдермен аша алады:
Бірнеше минутта цифрлық картаңыз дайын болады. Дүкендерде заттардың ақысын төлеу үшін картаны Google Pay, Apple Pay немесе Samsung Pay-ге байлап қоюға болады. Ал интернетте сауда-саттық жасау үшін карта реквизиттерін енгізсеңіз болғаны.
Сіздің цифрлық картаңыз бірнеше минут ішінде дайын болады.
Картомат бойынша нұсқаулықты осы сұрақ-жауаптан көруге болады.
Өзіңізге ыңғайлы бөлімшені таңдаңыз. Ашу үшін жеке куәлігіңізді көрсету қажет болады. Қазақстан азаматтары мен тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер цифрлық құжатты көрсете алады, ал резидент емес тұлғалар — шетелдік паспортты немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін көрсетуге болады.
Жаңартылды: 20.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Картаны тек Қазақстан аумағында жеткізе аламыз.
Астана мен Алматы қалаларында жеткізу 3–5 жұмыс күнін, басқа қалаларда 9 жұмыс күніне дейін, Екібастұз бен Түркістанда 11 жұмыс күніне дейін, ал Қорғас (ШЫХО) пен Қонаевта (Қапшағай) 12 жұмыс күніне дейін созылады.
Жаңартылды: 04.11.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Картаны SuperApp мобильді қосымшасында, картоматта немесе банк бөлімшесінде қайта шығаруға болады.
Қазақстан азаматтарға, Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтарға, басқа мемлекеттердің азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға карта 5 жылға дейін мерзімге қайта шығарылады. Басқа мемлекеттердің азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалартек Freedom banker қосымшасында немесе банк бөлімшесінде қайта шығара алады.
Дайын! Картаңыз бірнеше минут ішінде қайта шығарылады. Карта дайын болғанда, қосымшада хабарлама аласыз.
Кейбір карталарды тек картоматтан немесе банк бөлімшесінен ғана қайта шығаруға болады.
Егер сізде «Картаны қайта шығару» батырмасы көрінбесе немесе қайта шығару барысында қате орын алса, Freedom SuperApp қолдау чатына жазыңыз: қосымшаның басты бетінде «Хабарламалар» → «Қолдау қызметі» бөлімін таңдаңыз.
Дайын! Егер картаны мерзімі аяқталған соң қайта шығарсаңыз, бұл тегін болады. Басқа жағдайларда қайта шығару құны – 1 000 ₸.
Картоматта тек пластик картаны қайта шығаруға болады. Цифрлық картаны жаңартылмайды.
Freedom картоматында картаңызды қайта шығару үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
Картаны алғаш шығарған бөлімшеге жүгініңіз. Бөлімшеде қайта шығару кезінде жеткізу мүмкіндігі қарастырылмаған. Өзқіңізбен бірге жеке куәлігіңізді ала келіңіз:
Ерекше жағдай: Егер картаны Қазақстанның бір өңірінде шығарған болсаңыз, алайда оны басқа өңірде қайта шығарғыңыз келсе, келесі нұсқауды орындаңыз:
Карта тарифтері мен шарттары өзгеруі мүмкін. Актуалды ақпарат әрдайым мына бөлімде тұрады: «Құжаттама» → «Жеке тұлғалар үшін» тармағы → «Тарифтер» → «Жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтерге, оның ішінде төлем карталары бойынша банктің комиссиялық сыйақы тарифтері» құжаты.
Егер FAQ бөліміндегі немесе құжаттардағы мәліметтер арасында айырмашылық байқасаңыз, бізге хабарлаңыз — төмендегі «Жоқ» батырмасын басып, қандай түзету қажет екенін жазыңыз.
Жаңартылды: 20.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Егер сіз өзіңіз картаны қайта шығаруға өтініш берсеңіз – мысалы, картаңызды жоғалтып алсаңыз, сындырып алсаңыз немесе оны ұрлап кетсе – банк бұл қызмет үшін 1000 теңге алады.
Ал егер картаңыздың қолдану мерзімі аяқталса немесе банк өзі қандай да бір себеппен жаңа карта шығаруды ұсынса, онда бұл үшін комиссия алынбайды — карта тегін шығарылады.
Комиссия мөлшері барлық клиенттер үшін бірдей: резиденттерге де, резидент еместерге де, сондай-ақ Freedom серіктестері қызметкерлеріне де.
Пластик картаны жеткізу резиденттер үшін тегін. Резидент емес клиенттер үшін жеткізу құны — 20 000 теңге.
Карта тарифтері мен шарттары өзгеруі мүмкін. Актуалды ақпарат әрдайым мына бөлімде тұрады: «Құжаттама» → «Жеке тұлғалар үшін» тармағы → «Тарифтер» → «Жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтерге, оның ішінде төлем карталары бойынша банктің комиссиялық сыйақы тарифтері» құжаты.
Егер FAQ бөліміндегі немесе құжаттардағы мәліметтер арасында айырмашылық байқасаңыз, бізге хабарлаңыз — төмендегі «Жоқ» батырмасын басып, қандай түзету қажет екенін жазыңыз.
Жаңартылды: 12.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Invest Card картасын Freedom Banker мобильді қосымшасы арқылы жабуға болады.
Сондай-ақ картаны кез келген Freedom Bank бөлімшесінде өтініш беру арқылы жабу мүмкіндігі бар.
Осыдан кейін карта бұғатталады да, 30 күнтізбелік күннен кейін карта мен оның банк шоты жабылады.
Маңызды! Картаны жаппас бұрын қарыздарды, соның ішінде несие лимиттерін және егер бар болса, овердрафтты толығымен өтеу керек.
Жаңартылды: 20.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
50% «Иә» деп ойлайды