Araldy Saqta шығару, қайта шығару және жабу
Araldy Saqta картасы — Арал теңізінің экожүйесін қалпына келтіру бағдарламасының бөлігі болып табылатын мультивалюталық депозит картасы. Картадан төлеп алған әр затыңыздан түскен 10%-ға дейінгі кешбэк «Aral Oasis» қоғамдық бірлестігіне аударылады. Кешбэктің ең жоғарғы лимиті - операция үшін 10 000 теңге және айына 30 000 теңге.
Карта 5 жылға дейін шығарылады және қайта шығарылады.
Жаңартылды: 12.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Карта әдепкі бойынша екі валюталық шотпен ашылады: KZT және USD. Бұл шоттарды жабу мүмкін емес. Қалған шоттарды — ресей рублі (RUB), еуро (EUR), қытай юані (CNY), түрік лирасы (TRY) және БАӘ дирхамы (AED) — Freedom SuperApp қосымшасында кез келген уақытта ашуға немесе жабуға болады.
Жаңартылды: 07.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Жоқ. Карта Қазақстан Республикасының резиденттері үшін ғана қолжетімді.
Жаңартылды: 07.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Сіздің сандық картаңыз бірнеше минут ішінде дайын болады. Дүкендерде төлеу үшін оны Google Play, Apple Pay немесе Samsung Pay-мен байланыстыруға болады, ал интернет-сатып алулар үшін карта деректемелерін көрсету жеткілікті.
Жаңартылды: 14.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Картаны SuperApp мобильді қосымшасында, картоматта немесе банк бөлімшесінде қайта шығаруға болады.
Қазақстан резиденттеріне карта 5 жылға дейін мерзімге, ал резидент емес тұлғаларға 1 жылға дейін мерзімге қайта шығарылады.
Назар аударыңыз: егер картаңыздың жарамдылық мерзімі аяқталса, оны тек мерзімі аяқталатын айда ғана тегін қайта шығара аласыз. Мысалы, картаңыздың мерзімі сәуірде аяқталса, оны сәуір айында ғана тегін қайта шығаруға болады. Ал егер картаны мамыр айында қайта шығарсаңыз, 2000 теңге комиссия алынады.
4. Хабарламадан келген OTP-кодты жазыңыз. Егер картаны өз қалауыңызбен қайта шығарып жатсаңыз, кодты енгізгеннен кейін қайта шығару комиссиясы шегеріледі.
Дайын! Картаңыз бірнеше минут ішінде қайта шығарылады. Карта дайын болғанда, қосымшада хабарлама аласыз.
Кейбір карталарды тек картоматтан немесе банк бөлімшесінен ғана қайта шығаруға болады.
Егер сізде «Картаны қайта шығару» батырмасы көрінбесе немесе қайта шығару барысында қате орын алса, Freedom SuperApp қолдау чатына жазыңыз: қосымшаның басты бетінде «Хабарламалар» → «Қолдау қызметі» бөлімін таңдаңыз.
Картоматта тек пластик картаны қайта шығаруға болады. Цифрлық картаны жаңартылмайды.
Маңызды: Қазақстанда тұруға рұқсаты бар шетел азаматтары картаны картоматта қайта шығара алмайды. Егер сіз осы санатқа жатсаңыз, банк бөлімшесіне жүгініңіз.
Freedom Bank картоматында картаңызды қайта шығару үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
Картаны алғаш шығарған бөлімшеге жүгініңіз. Бөлімшеде қайта шығару кезінде жеткізу мүмкіндігі қарастырылмаған. Өзқіңізбен бірге жеке куәлігіңізді ала келіңіз:
Ерекше жағдай: Егер картаны Қазақстанның бір өңірінде шығарған болсаңыз, алайда оны басқа өңірде қайта шығарғыңыз келсе, келесі нұсқауды орындаңыз:
Карта тарифтері мен шарттары өзгеруі мүмкін. Актуалды ақпарат әрдайым мына бөлімде тұрады: «Құжаттама» → «Жеке тұлғалар үшін» тармағы → «Тарифтер» → «Жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтерге, оның ішінде төлем карталары бойынша банктің комиссиялық сыйақы тарифтері» құжаты.
Егер FAQ бөліміндегі немесе құжаттардағы мәліметтер арасында айырмашылық байқасаңыз, бізге хабарлаңыз — төмендегі «Жоқ» батырмасын басып, қандай түзету қажет екенін жазыңыз.
Жаңартылды: 07.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Карта тарифтері мен шарттары өзгеруі мүмкін. Актуалды ақпарат әрдайым мына бөлімде тұрады:«Құжаттама» → «Жеке тұлғалар үшін» тармағы → «Тарифтер» → «Жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтерге, оның ішінде төлем карталары бойынша банктің комиссиялық сыйақы тарифтері» құжаты.
Жаңартылды: 21.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
67% «Иә» деп ойлайды
Егер картада келесі шектеулер болмаса, оны SuperApp қосымшасында қашықтан жабуға болады:
Картаны нөлдік қалдықпен де, оң қалдықпен де жабуға болады — соңғы жағдайда жаппас бұрын картаның барлық қаражатын алып шығу қажет.
Картаға байланған ағымдағы шоттар карта жабылған соң 31 күн өткеннен кейін автоматты түрде жабылады.
Ал мына жағдайларда шоттар жабылмайды:
1-мысал: егер шотыңызда қалдық болмаса, бұл шот картаны жапқаннан кейін 31 күннен соң жабылады.
2-мысал: егер шотыңызда қалдық болса (мысалы, ақша түссе), бұл шот жабылмайды.
Жаңартылды: 02.09.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Картаны жаппас бұрын, егер бар болса, картадан қалдықтарды бірден шығаруға кеңес береміз. Нөлдік теңгерім болған кездегі мен оң қалдық болған кездегі жабу жолдары біршама ерекшеленеді.
Жаңартылды: 07.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?