Толықтыру және шешіп алу
Картаңыздың шоттарын қолма-қол ақшамен толықтыру жолдары мынадай:
Бұл туралы толығырақ осы сілтемеден оқыңыз.
Бұл туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.
Бұл туралы толығырақ осы сілтемеден оқыңыз.
Жаңартылды: 04.11.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Шотты физикалық карта арқылы да, онсыз да толықтыруға болады.
Банкомат тек теңге қабылдайды.
Банкомат экранында «Толықтыру» батырмасын басып, «Карта бойынша» әдісін таңдаңыз. Әрі қарай картаны банкоматқа салып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Комиссия жоқ. Ақша шотқа бірден түседі.
Лимиттер: Бір операцияда банкомат 300 купюрадан артық қабылдамайды. Күндік немесе айлық шектеу жоқ.
Ол үшін:
Комиссия мен лимиттер өзгеріссіз қалады.
Назар аударыңыз! Чекте және экранда карта нөмірі емес, картаға байланған токен нөмірі көрсетіледі. Сондықтан банкомат экранында қолжетімді қалдықты көре алмайсыз.
Маңызды!
Жаңартылды: 12.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Карталарыңыздағы шоттарды қолма-қол ақшасыз қосымшаларда немесе банктің веб-сервистерінде мынадай жолдармен толтыруға болады:
Өз шоттарыңыздың арасында SuperApp мобильді қосымшасында аударым жасаңыз. KZT, USD, RUB, EUR, CNY, TRY, AED-мен аударуға болады. Аударымдар Банк тарифтеріне сәйкес комиссия алынатын несие лимиті бар INVEST/Broker Armenia/FreePay карталарынан жасалатын аударымдарды қоспағанда, комиссиясыз және лимитсіз жасалады.
SuperApp мобильді қосымшасында аударым жасаңыз. Егер жіберушіде де, алушыда да тиісті валютадағы шоттар болса, аударым жасауға болады. KZT, USD, RUB, EUR, CNY, TRY, AED-мен аударуға болады. Аударымдар Банк тарифтеріне сәйкес комиссия алынатын несие лимиті бар INVEST/Broker Armenia/FreePay карталарынан жасалатын аударымдарды қоспағанда, комиссиясыз және лимитсіз жасалады.
Аударым жасау үшін жіберуші сіздің картаңыздың / ағымдағы шотыңыздың деректемелерін білуі қажет: IBAN, Алушының аты-жөні, ЖСН-і. KZT-пен аударуға болады. Комиссиялар мен лимиттерді жөнелтуші банк белгілейді.
Шот нөмірі бойынша SWIFT аударымын жасаңыз — ақша аударым жасалған валютамен түседі. KZT, USD, RUB, EUR, CNY, TRY, AED-мен аударуға болады. Комиссиялар мен лимиттерді жөнелтуші банк белгілейді.
Маңызды! Басқа банктен 250 000 000 KZT-ке (басқа валютадағы баламасына) тең немесе одан асатын сомаға SWIFT кіріс аударымын жасағанда қаражаттың шығу көзі туралы құжаттарды ұсыну қажет.
Freedom Bank картасын SuperApp мобильді қосымшасында VISA/MC карталарынан (Ресей Федерациясында шығарылған карталардан басқа) толтыруға болады. Тек KZT-пен аударуға болады. Комиссиялар мен лимиттерді жөнелтуші банк белгілейді.
*Банк қаражатты аударатын кезде ақшаның шығу көзін растайтын құжаттар сұратылуы мүмкін.
Жаңартылды: 03.11.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Бөлімше кассасы арқылы сіз өзіңіздің карточкалық немесе депозиттік шотыңызды толықтыра аласыз.
Толықтыру үшін өзіңізбен бірге жеке куәліктің түпнұсқасы немесе цифрлық нұсқасы болуы қажет.
Толықтыру теңге, АҚШ доллары, еуро және Ресей рублі валюталарында қолжетімді.
Қаражат шотқа бірден түседі. Лимиттер мен комиссиялар жоқ, тек рубльмен жасалатын аударымдардан басқа: олар үшін 1% комиссия алынады, бірақ кемінде 5 000 ₸.
Егер карта шотын немесе депозитті үшінші тұлға толықтырса, онда теңгемен аударған кезде бұл адам сенімхатты көрсетпеуіне болады, бірақ сенім берілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.
Егер үшінші тұлға АҚШ долларымен, еуромен немесе Ресей рублімен қаражат салса, онда тиісті операцияларды орындау үшін нотариалды куәландырылған сенімхат болуы қажет, яғни сенімхатта сенімді тұлғаның қаражатты толықтыруға өкілеттігі болуы керек.
Маңызды! Шотты толықтыру операциясын сенім білдірілген тұлға жасайды, бірақ қаражаттың шығу тегін растайтын құжаттарды шот иесі ұсынуы тиіс.
Бір реттік толықтыру кезінде:
100 000 000 теңгеге дейін (немесе басқа валюта эквиваленті) құжаттар талап етілмейді;
100 000 001 теңгеден бастап (немесе басқа валюта эквиваленті) қаражаттың шығу тегін растайтын құжаттар қажет:
Жаңартылды: 09.11.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Бұл тәсіл қолма-қол ақшаны смартфон немесе смарт-сағат арқылы алуға мүмкіндік береді.
Маңызды! Freedom банкоматтарынан қолма-қол ақша шешкенде Банктың қолданыстағы тарифтеріне сай комиссия ұсталуы мүмкін. Нақты тарифтерді «Құжаттама» бөлімінен біле аласыз:
«Жеке тұлғалар үшін» қойындысы → «Тарифтер» → «Жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтерге, оның ішінде төлем карталары бойынша банктің комиссиялық сыйақы тарифтері» құжаты.
Жаңартылды: 04.11.2026
Жауап пайдалы болды ма?
56% «Иә» деп ойлайды
Картаға ақша салу үшін Freedom mobile бөлімшесіндегі менеджерлерге хабарласыңыз. Тек теңгемен салуға болады. Комиссия жоқ. Қаражат шотқа бірден түседі.
Лимит:
Лимит:
Жаңартылды: 04.11.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Комиссия жоқ. Қаражат шотқа бірден түседі.
Лимиттер:
Лимит 30 күнтізбелік күн сайын жаңартылып отырады.
Мысалы: Егер 29 наурызда шотыңызға 500 000 ₸ толықтырсаңыз, ал 31 наурызда тағы 500 000 ₸ салсаңыз, келесі қолжетімді лимит тек 30 күннен кейін, яғни 1 мамырдан бастап жаңартылады.
Жаңартылды: 11.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Толықтыру үшін терминалда келесі әрекеттерді орындаңыз:
«Банк қызметтері» бөлімін таңдаңыз → АО «Банк Фридом Финанс Қазақстан» → «шотты толықтыру» → IBAN деректерін енгізіңіз.
Қаражат шотқа 3 жұмыс күн ішінде түседі.
Комиссия — 1,5%.
Лимиттер:
күндік лимит — 500 000 ₸;
айлық лимит — 12 500 000 ₸.
Лимит 30 күнтізбелік күн сайын жаңартылады.
Жаңартылды: 12.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Қосымшаның басты бетіндегі төменгі мәзірден «Тағы» бөлімін ашып, «Freedom сервистер картасы» бөліміне өтіңіз. Онда Банк бөлімшелерінің, банкоматтардың, Freedom Mobile қызмет көрсету нүктелерінің және Wi-Fi аймақтарының орналасқан жері туралы ақпаратты көре аласыз.
Жаңартылды: 12.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Карта шотын толықтыру үшін терминалда келесі әрекеттерді орындаңыз:
«Банк қызметтері» бөлімін таңдаңыз → АО «Банк Фридом Финанс Қазақстан» → «шотты толықтыру» → IBAN деректерін енгізіңіз.
Қаражат шотқа 3 жұмыс күн ішінде түседі.
Комиссия — 2,5%.
Лимиттерді QIWI желісі белгілейді.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Егер сіз 5 млн теңгеге дейінгі соманы шешіп алғыңыз келсе, кейбір банк бөлімшелерінде оны сол күні-ақ алуға болады. Ал кейбір бөлімшелерде сол күні 10 млн теңгеге дейінгі соманы қолма-қол ала аласыз.
Егер алынатын сома осы лимиттерден асып кетсе, ақшаны алуға алдын ала — кемінде бір жұмыс күні бұрын, сағат 16:00-ге дейін тапсырыс беріп қою керек:
Егер қомақты сома (мысалы, 800 000 доллар) алынса, оған кемінде 3 жұмыс күні бұрын алдын ала тапсырыс беру қажет.
Белгілі бір бөлімшедегі лимиттер мен алуға болатын соманы нақтылау, сондай-ақ ақшаға тапсырыс беру үшін банктің байланыс орталығына хабарласуға немесе тікелей банк бөлімшесіне жүгінуге болады.
Кез келген сомаға тапсырыс бергенде менеджерлер қаражаттың шығу көзі мен мақсатын растайтын құжаттарды сұрауы мүмкін, сондықтан оларды алдын ала дайындап қойған дұрыс.
Ағымдағы шоттан қолма-қол ақша алғандағы комиссия
Теңге мен шетел валютасында:
Лимиттер, тарифтер және банк комиссиялары туралы өзекті ақпарат әрдайым мына бөлімде тұрады: «Құжаттама» → «Жеке тұлғалар үшін» тармағы → «Тарифтер» → «Жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтерге, оның ішінде төлем карталары бойынша банктің комиссиялық сыйақы тарифтері» құжаты.
Жаңартылды: 12.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды