Картадан төлеу
Смартфондағы немесе басқа мобильді құрылғыдағы электрондық әмиянға кез келген Freedom картасын қосуға болады. Ол үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
Freedom SuperАрр қосымшасына кіріңіз.

Қосымшаның басты бетінде қосқыңыз келетін картаның виджетін басыңыз.

Ашылған карта мәзірінде «Apple Wallet-ке қосу» батырмасын басыңыз.

Картаны қосу үшін Apple құрылғысын таңдаңыз.

Дайын! Карта Apple Pay-ге қосылды. Сіз онымен мобильді құрылғыңыздан төлем жасай аласыз. Картаны бірден таңдалатын карта қылып көрсете аласыз. Олай көрсеткіңіз келмесе, бұл қадамды өткізіп жіберіңіз.

Freedom SuperApp қосымшасына кіріңіз.

Қосымшаның басты бетінде қосқыңыз келетін картаның виджетін басыңыз.

Ашылған карта мәзірінде «G Pay-ге қосу» батырмасын басыңыз.

«Әмиянға қосу» батырмасын басыңыз.

Дайын! Карта Google Play-ге қосылды. Онымен мобильді құрылғыңыздан төлем жасай аласыз.

Сіз сондай-ақ картаңызды мобильді құрылғыңыздың операциялық жүйесіне қарамастан, стандартты электронды әмиян қосымшасына тікелей қоса аласыз.
Жаңартылды: 11.11.2026
Жауап пайдалы болды ма?
81% «Иә» деп ойлайды
Алдымен телефонның NFC технологиясын қолдайтынына көз жеткізіңіз.
Android-те NFC бар-жоғын тексеру: параметрлерге өтіңіз, іздеуде NFC теріңіз, егер іздеу нәтижелерінде ештеңе болмаса, телефон NFC-ді қолдамайды.
IOS жүйесінде iPhone-да 6 модельден бастап NFC технологиясын қолдайды.
Apple Pay-ге қосу
Google Pay-ге қосу
Samsung Pay-ге қосу
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
75% «Иә» деп ойлайды
Мобильді қосымшада онлайн сауда жасағанда Freedom SuperApp қосымшасындағы Басты беттен карта деректерін көре аласыз. Жай ғана картаның үстін басыңыз, сонда нөмірі, жарамдылық мерзімі, CVV/CVC коды мен басқа деректер көрсетілген батырма пайда болады.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Бұл Freedom картасының операцияларын әлемнің кез келген нүктесінде жасауға болады.
Жаңартылды: 12.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Бәлкім сізде осы ел немесе макроаймаққа арнайы геошектеулер қойылған болуы мүмкін. Бірақ бұны өзгертуге болады.
Мысалы, сіз Индонезияда картамен төлегіңіз келеді делік. Freedom SuperApp қосымшасындағы геошектеулерді өзгерту үшін сізге мыналарды істеу қажет:
Осыдан кейін сіз қойылған лимиттерді алып тастайсыз
Жаңартылды: 12.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Күші жойылған сатып алулар үшін ақшаны қайтару 3 күнтізбелік күннен бастап жүзеге асырылады. Кейде бұл процесс 8 күнтізбелік күнге дейін созылуы мүмкін.
Егер процесс созылып кетсе, 595 нөміріне қоңырау шалыңыз – біз міндетті түрде көмектесеміз.
Жаңартылды: 12.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Иә, жарайды. Freedom картасымен Қазақстанда да, шетелде де кез келген төлемді жасай аласыз: қонақүй мен көлік брондау, ұшақ билетін алу немесе шетелдік сайттардан зат сатып алу.
Бұл үшін мына карталарды қолдануға болады: SuperCard, Deposit Card, Freedom Card, Freedom Banker Card, Invest Card, Broker Card, Power Card, Student Card, Әлеуметтік карта, Freepay, Araldy Saqta. Сондай-ақ банктің премиум карталары да бар.
Шетелдік сервис тек кредит картасын сұраса, Freedom карталарымен қалай төлем жасауға немесе брондауға болатынын осы жерден оқыңыз.
Жаңартылды: 28.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Қонақүй брондағанда немесе көлік жалдағанда, кейбір шетелдік сервистер тек кредит картасын сұрауы мүмкін. Бұл сол сервистің ішкі ережелеріне байланысты — яғни Freedom-нің дебеттік картасы мүлдем өтпейді деген сөз емес.
Мұндай кезде Mastercard жүйесіндегі Freedom картасын қолданып көріңіз. Ал Visa жүйесіндегі Freedom картасының өтіп-өтпеуі сол сервистің өз талаптарына байланысты.
Жаңартылды: 28.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Даяшыға шайпұлды Freedom Bank POS-терминалы бар мекемелерде қалдыруға болады.
Төлем жасағанда терминал алдымен тапсырыс сомасын көрсетеді, содан кейін шайпұл мөлшерін — тапсырыс сомасының 5%, 10% немесе 20%-ын таңдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ сіз 20%-ға дейінгі кез келген өзге соманы көрсете аласыз немесе «Шайпұлсыз» нұсқасын таңдай аласыз. Бұдан соң картаны терминалға жақындатыңыз немесе Apple Pay/ Google Pay/Samsung Pay /Garmin Pay-ді пайдаланып төлем жасаңыз.
Егер Freedom Bank картаңыз болмаса, Қазақстандағы кез келген басқа банктің картасынан төлем жасай аласыз.
Freedom QR-мен тапсырыс ақысын шайпұл қосып төлей алмайсыз.
Шайпұлдан кешбэк берілмейді — ниеттестік бағдарламасындағы деңгейіңізге қарай тек тапсырыс сомасынан ғана есептеледі.
Жаңартылды: 12.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды