Deposit Card Premium мен SuperCard Premium
SuperCard — Freedom Bank-тің флагмандық картасы.
SuperCard-ты ашқан кезде дизайнды өзіңіз таңдай аласыз — DC әлемінің суперқаһармандары, «Рик пен Морти» мультфильмінің кейіпкерлері немесе «Наруто» аниме-сагасының қаһармандары, «Тақтар таласы», «Сақиналар әміршісі», мен Димаш Құдайбергенмен дизайнын бейнеленген нұсқалар бар.
Сіз премиум Deposit card карталарымен Банктің VIP клиенті боласыз. Кезек күтпей-ақ, VIP менеджердің көмегіне жүгіне аласыз. Сондай-ақ Visa Infinite немесе Mastercard World Elite сияқты екі төлем жүйесінің біреуі бойынша артықшылықтарға ие боласыз.
Карта мультивалюталық — яғни 7 валютада ақша сақтау және жинақтау мүмкіндігі бар. Бұл туралы толығырақ осы жерден оқи аласыз.
Deposit Card пен SuperCard карталарының қолданылу мерзімі: Қазақстан азаматтарға, Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтарға, басқа мемлекеттердің азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға — 5 жылға дейін.
Картаның екі түрін ашуға болады: cыйақы есептелетін карта және сыйақы есептелмейтін карта.
Бұл жағдайда карта депозиттік шотқа байланып, оның теңгерімін көрсетіп тұрады. Картадан шығын операциялары жасалған кезде қаражат депозиттен алынады, ал картаға ақша түскенде — депозитке аударылады. Депозитке ақша аудару да оңай әрі жылдам: картаны толтырсаңыз, депозит те автоматты түрде толтырылады. Бұл туралы толығырақ осы жерден оқи аласыз.
Кәдімгі дебеттік мультивалюталық карта. Осы түрін таңдағанда суретсіз дизайнды да таңдауға болады.
Премиум SuperCard-ты тек банк бөлімшесінде ашуға болады. Өзіңізге ыңғайлы кез келген Freedom кеңсесінебарыңыз.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Бұл өзі карта, өзі депозит болатын, жеті валютамен шот ашуға мүмкіндік беретін карта. Барлық валюта шоттарының қалдығына сыйақы есептеледі. Картаны банктің сайтында немесе банк бөлімшесіне барып ашуға болады.
Карта әдепкі бойынша екі валюталық шотпен ашылады: KZT және USD. Бұл шоттарды жабу мүмкін емес. Қалған шоттарды — ресей рублі (RUB), еуро (EUR), қытай юані (CNY), түрік лирасы (TRY) және БАӘ дирхамы (AED) — Freedom SuperApp қосымшасында кез келген уақытта ашуға немесе жабуға болады.
Жарамдылық мерзімі: Қазақстан азаматтарға, Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтарға, басқа мемлекеттердің азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға — 5 жылға дейін.
Кешбэк: ниеттестік бағдарламасыбойынша 30%-ға дейін.
Сіз премиум Deposit card карталарымен Банктің VIP клиенті боласыз. Кезек күтпей-ақ, VIP менеджердің көмегіне жүгіне аласыз. Сондай-ақ Visa Infinite немесе Mastercard World Elite сияқты екі төлем жүйесінің біреуі бойынша артықшылықтарға ие боласыз.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
75% «Иә» деп ойлайды
SuperCard және Deposit Card — мультивалюталық карталар. Олар қаражатты 7 валютада сақтауға мүмкіндік береді: KZT, USD, RUB, EUR, CNY, TRY және AED.
Карта екі валюталық шотпен ашылады: KZT немесе USD. Бұл шоттарды жабуға болмайды. Қалған шоттар — ресей рублі (RUB), еуро (EUR), қытай юані (CNY), түрік лирасы (TRY) және БАӘ дирхамы (AED) — осы шоттарды Freedom SuperApp қосымшасы ішінде кез келген уақытта ашуға немесе жабуға болады.
Жаңартылды: 12.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Премиум карталарды 18 жастан асқан Қазақстанның резиденттері де, резидент емес тұлғалар да аша алады.
Бұл картаны бірнеше жолмен ашуға болады:
Картаны рәсімдеу үшін Қазақстан Республикасының резиденттеріне ҚР жеке куәлігі қажет. Ал резидент емес тұлғалар үшін банк бөлімшесі арқылы рәсімдеу кезінде қажетті құжаттардың тізімі осында көрсетілген.
Карта 5 жылға дейінгі мерзімге шығарылады. Ал Freedom бөлімшесінде бірден картаның пластик түрін шығарып аласыз.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
67% «Иә» деп ойлайды
Премиум картамен тегін қызмет алу үшін төмендегі шарттардың бірін орындасаңыз жеткілікті (тек Қазақстан резиденттер үшін):
Қазақстан Республикасының резиденті емес клиенттер үшін премиум карталар банк тарифтеріне сәйкес қызмет көрсетіледі. Қызмет көрсету құны — жылына 100 000 теңге. Бұл сома картадағы қалдық немесе сатып алулар көлеміне тәуелсіз алынады.
* Ұлттық Банкінің есептік бағамы бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың бірінші күні ҚР есептеледі.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Картаны Қазақстанның келесі қалаларына жеткізуге тапсырыс беруге болады: Астана, Алматы, Қонаев, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент, Екібастұз, Түркістан.
Резидент емес тұлғалар үшін пластикалық картаны ТМД елдеріне және алыс шетелге жеткізу қолжетімді.
Қазақстан Республикасының резиденттері үшін пластикалық картаны Қазақстан бойынша жеткізу тегін.
Бейрезидент тұлғалар үшін 2027 жылғы 21 қаңтарды қоса алғанда қолданылатын арнайы ұсыныс бойынша Қазақстан бойынша жеткізу құны — 10 000 теңге, ал жалақы жобасына қатысушылар үшін — тегін. Шетелге жеткізу құны — 25 000 теңге.
Жаңартылды: 20.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Иә, негізгі картаға қосымша карта шығаруға болады. Екінші карта ұстаушы да банк тарапынан берілетін барлық қызмет түрлерін пайдалана алады.
Негізгі карта санатынан (Gold/World) төмен бір қосымша карта тегін беріледі. Резиденттерге негізгі (Visa Infinite/ Mastercard World Elite) карта деңгейіндегі картаны шығару құны — 60 000 ₸.
Резидент еместерге негізгі деңгейге қосымша карта шығару — 100 000 ₸. Санаты төмен бір қосымша карта шығару — 50 000 ₸.
Қазақстан резиденттеріне және резидент емес тұлғаларға карта 5 жылға дейін мерзімге шығарылады.
Жаңартылды: 12.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Картаны SuperApp мобильді қосымшасында немесе банк бөлімшесінде қайта шығаруға болады.
Қазақстан азаматтарға, Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтарға, басқа мемлекеттердің азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға карта 5 жылға дейін мерзімге қайта шығарылады. Басқа мемлекеттердің азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалартек Freedom banker қосымшасында немесе банк бөлімшесінде қайта шығара алады.
Дайын! Картаңыз бірнеше минут ішінде қайта шығарылады. Карта дайын болғанда, қосымшада хабарлама аласыз.
Кейбір карталарды тек картоматтан немесе банк бөлімшесінен ғана қайта шығаруға болады.
Егер сізде «Картаны қайта шығару» батырмасы көрінбесе немесе қайта шығару барысында қате орын алса, Freedom SuperApp қолдау чатына жазыңыз: қосымшаның басты бетінде «Хабарламалар» → «Қолдау қызметі» бөлімін таңдаңыз.
Картаны алғаш шығарған бөлімшеге жүгініңіз. Бөлімшеде қайта шығару кезінде жеткізу мүмкіндігі қарастырылмаған. Өзқіңізбен бірге жеке куәлігіңізді ала келіңіз:
Ерекше жағдай: Егер картаны Қазақстанның бір өңірінде шығарған болсаңыз, алайда оны басқа өңірде қайта шығарғыңыз келсе, келесі нұсқауды орындаңыз:
Жаңартылды: 20.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Сыйақы есептелуі әр ай сайын жүргізіледі. Сыйақының мөлшері депозиттік шоттағы күнделікті қалдыққа байланысты болады, ал сыйақы мөлшерлемесі жоғарыдан төменге немесе төменнен жоғарыға өзгеруі мүмкін.
Қалдық барлық валюталар бойынша бірлесіп есептеледі.
Депозиттік шоттағы әртүрлі валюталар бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемелері
Қазақстан азаматтары үшін ең жоғары сыйақы мөлшерлемелері:
Теңге және АҚШ доллары бойынша салымның минималды сыйақы мөлшерлемесі — 0,1%, басқа валюталар бойынша — 0,04%.
Сыйақы мөлшерлемелерін өзгерту шарттары:
Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары және резидент еместер үшін ең жоғары сыйақы мөлшерлемелері:
Салымның барлық валютасы бойынша минималды сыйақы мөлшерлемесі — 0,04%.
Сыйақы мөлшерлемелерін өзгерту шарттары:
Сыйақы төлемі тек жинақталған сыйақы сомасы 10 000 ₸ немесе одан жоғары болған жағдайда (әр валюта үшін бөлек) жүзеге асырылады.
Салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы (ЖТС) шегеріледі.
Мысал 1
теңгедегі депозит (KZT): 5500 ₸ – 15% ЖТС = 4675 ₸.
АҚШ долларындағы депозит (USD): 5 USD – 15% ЖТС = 4,25 $ (1986,79 ₸).
еуродағы (EUR), ресей рубліндегі (RUB), қытай юаніндегі (CNY), түрік лирасындағы (TRY), БАӘ дирхамындағы (AED) депозиттері бойынша төлем жасалмайды, өйткені минималды сомаға жетпейді.
Мысал 2
теңгедегі депозит (KZT): 5500 ₸ – 15% ЖТС = 4675 ₸.
АҚШ долларындағы депозит (USD): 27 $ – 15% ЖТС = 22,95 $ (10 783 ₸).
еуродағы (EUR), ресей рубліндегі (RUB), қытай юаніндегі (CNY), түрік лирасындағы (TRY), БАӘ дирхамындағы (AED) депозиттері бойынша төлем жасалмайды, өйткені минималды сомаға жетпейді.
Бұл жағдайда тек $ депозитіне төлем жасалады.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Егер сіз күн ішінде шотқа ақша салсаңыз, бұл сома келесі күні есепке алынады. Ал егер күн ішінде шоттан ақша алсаңыз, қалған қалдық сол күні есепке алынады.
1-мысал
Сіздің депозитіңізде 10 000 ₸ бар. Күн ішінде сіз тағы 20 000 ₸ қостыңыз. Сол күні пайыз тек 10 000 ₸-ке есептеледі. Ал келесі күні пайыз 30 000 ₸-ке есептеледі.2-мысал
Сіздің депозитіңізде 10 000 ₸ бар. Күн ішінде 7 000 ₸ алынды. Сол күні пайыз тек қалған 3 000 ₸-ке есептеледі.
Жаңартылды: 12.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Жаңартылды: 12.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Жаңартылды: 11.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Егер картада келесі шектеулер болмаса, оны жабуға болады:
Картаны нөлдік қалдықпен де, оң қалдықпен де жабуға болады — соңғы жағдайда жаппас бұрын картаның барлық қаражатын алып шығу қажет.
Картаны жабудың екі әдісі бар — желіде және бөлімде жеке.
Нөлдік теңгерім болған кездегі мен оң қалдық болған кездегі жабу жолдары біршама ерекшеленеді.
Картаңызды жабу үшін Freedom-ның кез келген бөлімшесіне өтініш жіберіңіз. Өтінішіңіз қабылданғаннан кейін карта бұғатталады, ал 30 күнтізбелік күннен кейін картаның шоты банк шоты жабылады.
Маңызды! Картаны жаппас бұрын қарыздарыңыздың барлығын, соның ішінде несие лимиттерін және егер бар болса, овердрафтты толығымен өтеу керек.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?