Кешбэк: зат сатып алғанда көбірек пайда тауып, ақша үнемдеу жолы
Кэшбек · Серіктестік кешбэгі
Кэшбек
Ең көп қойылатын сұрақтар
Аударым жасау, алған затыңыздың ақысын төлеу және төлем жасау үшін Freedom валютасын пайдаланыңыз. Ерекшелік 18 жасқа дейінгі балалар мен мемлекеттік қызметшілер болады: оларға кешбэктер теңгеге есептеледі.
Біздің кешбэк бірегей — ол жеке шотқа инвестициялық Freedom валютасы түрінде түседі және оның сомасы қор нарығындағы FRHC акцияларымен бірге өседі. Freedom Bank клиенттері бұл валютамен кез келген операцияларды орындай алады: төлемдер мен аударымдар жасау, шотты толтыру, валютаны айырбастау және тағы басқа.
ETN (Exchange Traded Note) — бұл Freedom Holding Corp. акциясына байланған және соның құнымен бірге өзгеретін бағалы қағаз.

Акция неғұрлым күшті өссе - сіздің жинақтарыңыз соғұрлым күшті болады. Яғни, кешбэк банк карталары бойынша транзакциялардың жиілігінен ғана емес, сонымен қатар нарықтағы көңіл-күйден де артады.
Акция әрқашан өсе ме?
Әрине, құнын төмендету қаупі бар. Мұның бәрі нарықтағы жағдайға байланысты: акциялар әрдайым құлдырамайды немесе әрдайым өсе алмайды.
Жаңартылды: 22.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
83% «Иә» деп ойлайды
Freedom валютасының шотындағы кэшбэк кез келген нәрсеге жұмсалуы мүмкін: байланыс және коммуналдық қызметтер, Freedom SuperApp қосымшасында сатып алу. Сондай-ақ оларды теңгеге және басқа валюталарға айырбастауға болады.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
78% «Иә» деп ойлайды
Жоқ, кешбэк* тек мына карталармен жасалған сауда үшін беріледі:
Ерекше шарттар:
Ескеретін жайт: Freepay картасымен несие лимиті есебінен жасалған саудаға кешбэк берілмейді.
Тұру ықтиярхаты бар резиденттердің картасына кешбэк қалай түсетінін осы FAQ-тан оқыңыз.
*Кешбэк ұлттық валюта — теңгемен түсіп, клиенттің келісімімен Freedom инвестициялық валютасына (ETN) айырбасталады. Алайда кейбір санаттағы клиенттерге банк кешбэкті тек теңгемен береді.
Жаңартылды: 29.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
64% «Иә» деп ойлайды
Freedom инвестициялық валюталық* шотыңыздағы кешбэктер сомасын SuperApp қосымшасының басты бетіндегі оң жақ бұрыштағы валюта белгішесін басып көре аласыз.

Берілген кешбэктер туралы толық ақпарат «Соңғы операциялар» ішінде көрсетіледі.

*Кешбэк ұлттық валюта — теңгемен түсіп, клиенттің келісімімен Freedom инвестициялық валютасына (ETN) айырбасталады. Алайда кейбір санаттағы клиенттерге банк кешбэкті тек теңгемен береді.
Жаңартылды: 22.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
76% «Иә» деп ойлайды
Кэшбэк алмағаныңыздың бірнеше себебі болуы мүмкін:
Егер кешбэк алмағаныңыздың себебі бұл тізімде болмаса, қосымшадағы қолдау чатына.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Мына жағдайларда кешбэк* берілмейді:
Карта тарифтері мен шарттары өзгеруі мүмкін. Актуалды ақпарат әрдайым мына бөлімде тұрады: «Құжаттама» → «Жеке тұлғалар үшін» тармағы → «Клиенттерге ақпарат» → ««Фридом Банк Қазақстан» АҚ ниеттестік бағдарламасының қағидалары» құжаты.
Егер FAQ бөліміндегі немесе құжаттардағы мәліметтер арасында айырмашылық байқасаңыз, бізге хабарлаңыз — төмендегі «Жоқ» батырмасын басып, қандай түзету қажет екенін жазыңыз.
*Кешбэк ұлттық валюта — теңгемен түсіп, клиенттің келісімімен Freedom инвестициялық валютасына (ETN) айырбасталады. Алайда кейбір санаттағы клиенттерге банк кешбэкті тек теңгемен береді.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
73% «Иә» деп ойлайды
Төрт ниеттестік деңгейі бар: Standard, Silver, Gold және Platinum. Келесі деңгейге өту үшін шоттарыңыздағы орташа айлық қалдықты белгілі бір деңгейге дейін арттыру қажет. Ай сайын келесі деңгейге ауысып отыра аласыз. Деңгейіңіз жоғары болған сайын, Freedom инвестициялық валютасында есептелетін базалық кэшбэк те жоғары болады. Оның бағамы теңгеге тең емес.
Ниеттестік деңгейі әр айдың 1-інде жаңартылады. Деңгей өткен айдағы сіздің шоттарыңыздағы орташа қалдыққа байланысты есептеледі. Есептеу түнгі 00:00-де басталып, күн ішінде жүреді.
Деңгей жаңартылған соң Superapp-тан Push-хабарлама аласыз. Ниеттестік деңгейі тек Push-хабарлама келгеннен кейін ғана жаңарған болып есептеледі.

Қажетті орташа айлық қалдық: 0,1–100 000 ₸.
Базалық кэшбэк: 1%.
Бір транзакцияға арналған кэшбэк лимиті: 5 000 ₸.
Айлық кэшбэк лимиті: 50 000 ₸.
Қажетті орташа айлық қалдық: 100 001–300 000 ₸.
Базалық кэшбэк: 2%.
Бір транзакцияға арналған кэшбэк лимиті: 7 000 ₸.
Айлық кэшбэк лимиті: 100 000 ₸.
Қажетті орташа айлық қалдық: 300 001–1 000 000 ₸.
Базалық кэшбэк: 3%.
Бір транзакцияға арналған кэшбэк лимиті: 20 000 ₸.
Айлық кэшбэк лимиті: 150 000 ₸.
Қажетті орташа айлық қалдық: 1 000 001–∞ ₸.
Базалық кэшбэк: 4%.
Бір транзакцияға арналған кэшбэк лимиті: 30 000 ₸.
Айлық кэшбэк лимиті: 200 000 ₸.
Жаңартылды: 22.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
94% «Иә» деп ойлайды
Сіз лимитке жеткен соң лимитіңіз 200 000 ₸-ге* дейін жаңартылады. Бұл шарт барлық деңгейге бірдей қойылады. Кешбэк мөлшерлемесі төмендейді де, оның құны деңгейге байланысты болады:
Егер сіз қосымша лимиттен де асып кетсеңіз, деңгей жаңартылғанға дейін Apple Pay, Samsung Pay немесе Google Pay-мен жасаған транзакцияларыңызға берілетін кешбэк 0% болады. Ары қарай кешбэкті тек Freedom Mobile серіктестерінен жасаған саудаңызға ғана аласыз.
Егер сіз қосымша лимиттен де асып кетсеңіз, деңгей жаңартылғанға дейін кешбэк 0% болады. Ары қарай кешбэкті тек Freedom Mobile серіктестерінен жасаған саудаңызға ғана аласыз.
Егер осы айда бір сатушыдан алған затыңызға 50 000 ₸ кешбэк алып қойсаңыз, онда сол сатушыдан алған келесі затыңыздың төлемдеріне осы айда кешбэк берілмейді.
Келесі айда лимит жаңартылады және сол сатушыдан алған затыңызға кешбэк қайта түсетін болады.
*Кешбэк ұлттық валюта — теңгемен түсіп, клиенттің келісімімен Freedom инвестициялық валютасына (ETN) айырбасталады. Алайда кейбір санаттағы клиенттерге банк кешбэкті тек теңгемен береді.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
60% «Иә» деп ойлайды
Қосымша кешбэк* алудың бірнеше жолы бар:
1. Жанасымсыз төлемді пайдаланыңыз:
Apple Pay, Google Pay немесе Samsung Pay жүйесінде төлем жасаңыз. Сонда ниеттестік деңгейіңізге қарай бірден қосымша 2%-ға дейін кешбэк аласыз.

немесе
Freedom Bank POS-терминалдарындағы QR-кодпен төлем жасаңыз: Freedom SuperApp қосымшасы арқылы Freedom QR-кодын сканерлеп, ниеттестік деңгейіңізге қарамастан базалық кешбэкке +2% алыңыз.

Жанасымсыз төлемге берілетін кешбэк базалық кешбэкпен қосылады.
2. Freedom экожүйесінен зат сатып алыңыз. Мысалы, «Саяхат» сервисінен ұшақ билеттерін сатып алыңыз, Freedom Life сақтандыру полистерін ресімдеңіз, азық-түлік пен дәріхана тауарларын жеткізу қызметінен алдыртыңыз немесе көлігіңізге сақтандыру полисін ресімдеңіз. Бұған 25%-ға дейін кешбэк аласыз:
* Кешбэк ұлттық валюта — теңгемен түсіп, клиенттің келісімімен Freedom инвестициялық валютасына (ETN) айырбасталады. Банк кейбір санаттағы клиенттерге кешбэкті тек теңгемен береді
** «Электроника» мен «Шина» сервистерінде Серіктес кешбэгі базалық кешбэкпен қосылмайды.
Жаңартылды: 21.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Freedom SuperApp мобильді қосымшасында тіркелген кезде сізге автоматты түрде SuperCard картасы ашылады.
Кешбэкті іске қосу үшін Freedom SuperApp-та картаңызды Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің басқа картасынан картадан картаға аудару жолымен толтырыңыз да, кемінде 100 ₸ төлем жасаңыз немесе зат сатып алыңыз, мысалы, ұялы байланыс теңгерімін толтырсаңыз болады.

Жаңартылды: 19.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
95% «Иә» деп ойлайды