Freedom валютасы
Ең көп қойылатын сұрақтар
Freedom инвестициялық валютасы — бұл AIX биржасы тізіміне енген және биржада сатылатын ETN* бағалы қағазының ақшалай баламасы. ETN бағалы қағазы Freedom Holding Corp акцияларына байланған, сондықтан акциялармен бірге өзгеріп тұрады.
Freedom инвестициялық валютасы ETN бағалы қағазы болғандықтан, салық декларациясын тапсырады. Бірақ одан алынған табыс салықтан босатылады, өйткені бағалы қағаз AIX биржасының ресми тізіміне кіреді.
*ETN (Exchange Trade Note) — FRHC акциясына байланған құнды қағаз. Құнды қағазға салық төленбейді, себебі ол AIX биржасындағы ресми тізімге енгізілген.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
91% «Иә» деп ойлайды
Валюта бағалы қағазға негізделгендіктен, валюта ашу үшін алдымен сізге брокерлік шот ашамыз. Бұл шот бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату үшін пайдаланылады, ал бағалы қағаз саны мен құны теңгерім ретінде таратылады.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
94% «Иә» деп ойлайды
Freedom SuperApp мобильді қосымшасындағы «Басты беттің» сол жақ бұрышындағы «Freedom валютасы» белгісінің үстін басыңыз. Терезе ашылады да, валюта туралы ақпарат шығады, сол жердегі «Freedom валютасын іске қосуды» басыңыз.
Егер клиент жаңадан тіркелген болса, онда валюта бірден автоматты түрде іске қосылады.
Егер cіз мемлекеттік қызметші болсаңыз, онда «мәліметтер» бөліміндегі сол бетте «мен мемлекеттік қызметшімін» қосқышы қосылғанын тексеру қажет. Сонда кешбэктер сізге теңгемен есептеледі.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
84% «Иә» деп ойлайды
Freedom валютасының бағамын мобильді қосымшадан мынадай жолмен көруге болады:
Басты беттегі кешбэк белгісін басып:
1. Кешбэк белгісін басыңыз → валюта теңгерімінің қасында тұрған виджетті немесе «Сараптау» батырмасын басыңыз.
2. «Сараптау» бөлімінде Freedom валютасын сатып алу бағамы сіз таңдаған валютада көрсетіледі (7 валюта бағамын көруге болады).
Басты беттегі «Тағы» бөлімінен: бұл жерде Freedom валютасын сатып алу және сату бағамын 7 негізгі валютаға қатысты көре аласыз.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Теңгемен зат сатып алғанда кешбэк ұлттық валюта — теңгемен түсіп, клиенттің келісімімен Freedom (ETN) инвестициялық валютасына айырбасталады.
Алайда кейбір санаттағы клиенттерге банк кешбэкті тек теңгемен береді
Валюта бағамын әрқашан Freedom SuperApp-тан көруге болады. «Басты беттегі» Freedom валютасы белгісін басыңыз, содан кейін валюта теңгерімінің жанындағы виджетті немесе «Аналитика» батырмасын басыңыз. Сондай-ақ валюта бағамын «Басты беттегі» «Қосымша» бөлімнен де таба аласыз.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
90% «Иә» деп ойлайды
Валюта құны Freedom Holding Corp. акциясының құнына қарай қалыптасады, өйткені валюта акцияға байланған. Соңғы 4 жылда холдинг акциялары шамамен 350%-ға өсті.
1 Freedom валютасы ≈ 1/10 000 FRHC акциясы.
Егер акцияның құны 80 доллар болса, бір монета шамамен 0,008 АҚШ доллары немесе 9 ₸ болады (валюта бағамына қарай).
Жаңартылды: 19.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Freedom инвестициялық валютасы іске қосылғанға дейін кешбэк жай ғана жиналады, бірақ оны жұмсай алмайсыз. Іске қосылғаннан кейін кешбэк автоматты түрде теңгемен түседі және клиенттің келісімімен іске қосылған күнгі бағамға сәйкес Freedom (ETN) инвестициялық валютасына айырбасталады. Осыдан кейін кешбэкті пайдалануға болады.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
94% «Иә» деп ойлайды
Freedom валютасы туралы толық ақпарат алу үшін Freedom SuperApp-та негізгі экранның оң жақ жоғарғы бұрышындағы валюта белгісінің үстін басыңыз. Бұл жерден теңгерім, соңғы операциялар, серіктестерден түскен кешбэк туралы ақпаратты, сондай-ақ «Сараптау» батырмасы бойынша толық сараптау таба аласыз.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
92% «Иә» деп ойлайды
Кешбэк есептелетін Freedom валютасы шотындағы соманы қосымшаның «Басты бетіндегі» оң жақ бұрыштағы валюта белгісін басып таба аласыз. Есептелген кешбэк туралы толық ақпарат «Соңғы операциялар» бөлімінде берілген.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
83% «Иә» деп ойлайды
Freedom инвестициялық валютасы – бұл FRHC акциясына байланысты ETN бағалы қағазының ақшалай эквиваленті. Оның бағасы акцияның құнына қарай өзгереді және қағаз AIX биржасында саудаланады.
Алайда, мемлекеттік қызметшілердің қор нарығы құралдарын сатып алуына заңнама белгілі бір міндеттемелер жүктейді. Атап айтқанда:
Сондықтан Freedom бұл санаттағы клиенттерге кешбэкті ұлттық валютада — теңге түрінде береді.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды