Freedom QR
Freedom QR — бұл алған затыңыздың ақысын QR-кодпен төлейтін сервис.
Freedom QR-ды қайдан табуға болады:
Төлем жасағанда тек смартфон мен Freedom SuperApp қосымшасы болса жеткілікті — Freedom QR-ды сканерлейсіз, бір-екі басып төлейсіз де, кешбэк аласыз*.
*Кешбэк ұлттық валюта — теңгемен түсіп, клиенттің келісімімен Freedom инвестициялық валютасына (ETN) айырбасталады. Алайда кейбір санаттағы клиенттерге банк кешбэкті тек теңгемен береді.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
91% «Иә» деп ойлайды
Freedom SuperApp қосымшасының басты бетінде «Қызметтер» → QR деп басыңыз.

Смартфон камерасын Freedom QR-кодына апарыңыз. QR-код Freedom POS-терминалында, сатушының смартфонында не планшетінде көрсетілуі немесе қағазға басылып шығарылған болуы мүмкін.

Төлем тәсілін таңдап, «Растап барып төлеу» деп басыңыз. Төлем сомасын енгізу қажет болса, соманы көрсетіңіз де, «Төлеу» → «Растау» деп басыңыз.

Төлем жасалған соң экран ашылады, экраннан төлем түбіртегін көруге болады. Бұған қоса, «Хабарламалар» бөлімінде төлем туралы хабарлама аласыз.
Жаңартылды: 09.11.2026
Жауап пайдалы болды ма?
82% «Иә» деп ойлайды
Иә, Freedom QR-мен жасаған төлеміңізге Freedom валютасымен +2% кешбэк* беріледі.
Осылайша, алған затыңызға жалпы 6%-ға дейін кешбэк ала аласыз:
ниеттестік бағдарламасындағы деңгейіңізге 4%-ға дейін;
Freedom QR-мен жасаған төлеміңізге +2%.
*Кешбэк ұлттық валюта — теңгемен түсіп, клиенттің келісімімен Freedom инвестициялық валютасына (ETN) айырбасталады. Алайда кейбір санаттағы клиенттерге банк кешбэкті тек теңгемен береді.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Ақшаңызды қайтару процесін ресімдеу үшін бұл туралы сатушыға немесе QR-мен жасалған төлеміңізді қабылдаған қызметкерге айтыңыз. Қызметкер төлемді тоқтату процесін бастап, сізден Freedom QR-ды сканерлеуді сұрайды. Бұл сіздің тарапыңыздан төлемді тоқтатуды растауға қажет.
Төлем тоқтатылған соң қаражат картаңызға бірнеше минутта қайтарылады.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Сізге мыналар көмектесе алады:
Егер ештеңе көмектеспесе, қолдау чатына жүгініңіз: Freedom SuperApp қосымшасының басты беті → «Хабарламалар» → «Қолдау қызметі».
Жаңартылды: 12.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?