Кепілмен несие
Бұл жеке тұлғаларға – Қазақстан резиденттеріне арналған цифрлық кепіл қойылып берілетін несие. Тұрғын үйді кепілге қойып, күтпеген шұғыл шығындарыңызды жабуға 100 миллион теңгеге дейін, ал автокөлікті кепілге қойып 20 миллион теңгеге дейін— құжат жинамай-ақ және банкке бармай-ақ несие ала аласыз, банк несие ұйымдастырғанына комиссия алмайды. Мақұлданған соманы Freedom SuperApp қосымшасында есептеп, өтініш бере аласыз.
Несиенің мақсаты: тұтынушылық.
Мақсатты растау: қажет емес.
Несие валютасы: тек Қазақстан теңгесі.
Несие мерзімі:
Несие сомасы:
Несие бойынша бастапқы жарна: жоқ.
Банктің өтінімді қарастырғаны үшін комиссия: жоқ.
Номиналдық пайыз мөлшерлемесі қарыз алушының санатына байланысты:
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Бағдарлама бойынша тек Қазақстан резиденттері ғана қарыз ала алады.
Несиені 21 жастан бастап алуға болады. Қарыз алушының өтініш берген кездегі жасы 60-қа толмаған болуы керек.
Несие алуға қосымша анықтамалар тапсырудың қажеті жоқ, банк қызметкерлері барлығын онлайн тексереді;
Қосымша қатысушы (гарант) қоса алмайсыз.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Қарыз алушының несие беру кезіндегі барлық шығынын (кепілді сақтандыру, жылжымайтын мүлікті бағалауға комиссия, кепілді тіркеу үшін мемлекеттік баж салығы) банк төлейді және бұл шығын несие сомасынан ұсталады.
Егер кепілге жылжымайтын мүлік қойсаңыз, онда кепілзаттың иесі міндетті түрде несие алушының өзі болуы керек немесе, егер мүлік ортақ меншікте болса, оның жұбайы болуы тиіс. Ал егер кепілге автокөлік қойсаңыз, онда кепіл иесі тек несие алушының өзі болуы қажет.
Кепілге қойылатын мүлікке ауыртпалық салынбаған, шектеу қойылмаған болуы керек.
*Көрсетілген сомалар клиенттің Кепілдік хатына сәйкес, кредит сомасы шотқа түскен кезде жалпы займ сомасынан автоматты түрде ұсталады.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Несиеге өтінімді Freedom SuperApp ішінде қосымшаның басты бетіндегі «Кредиттер» бөлімінен беруге болады.
Өтінім беру
Несие ресімдеу
Егер кепілге тұрғын үй ұсынсаңыз:
Егер кепілге автокөлік ұсынсаңыз:
Келесі құжаттарды көруге рұқсат беріңіз:
Бұл үшін 1414 нөмірінен смс-пен келетін бір реттік кодты жазып, «Жіберу» батырмасын басыңыз.
Құжаттарға қол қою
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Бұл жауапта несиені қалай өтеуге болатыны туралы толық айттық.
Несиені өтеу күнін клиент өзі таңдай алады. Несиені кез келген уақытта айыппұлсыз толық немесе ішінара мерзімінен бұрын жаба аласыз. Сақтандыру қаражатымен де ішінара мерзімінен бұрын өтей аласыз. Егер өз қаражатыңызбен несиені мерзімінен бұрын ішінара жапқыңыз келсе, төлейтін сома кемінде екі ай сайынғы тұрақты төлем мөлшерінде болуы керек.
Жаңартылды: 12.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?