Binance туралы
Binance — әлемдегі ең ірі криптобиржалардың бірі. Оның көмегімен криптовалюталар мен басқа да криптоактивтерді сатып алуға және сатуға болады.
Binance Kazakhstan — Binance жаһандық платформасының Қазақстанға бейімделген жергілікті нұсқасы. Ол Қазақстанда ресми түрде жұмыс істейді және оның қызметі Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) тарапынан реттеледі.
Binance Kazakhstan Қазақстан заңнамасына сәйкес жұмыс істеп, пайдаланушыларды жергілікті талаптарға сай тексерістен (KYC) өткізеді, теңгемен төлем жасау мүмкіндігін ұсынып, жергілікті банктермен, соның ішінде Freedom Bank-пен ынтымақтасады.
Ал Binance-тің халықаралық нұсқасы басқа нормаларға сәйкес реттеледі. Сондықтан Қазақстан аумағында оны пайдалануға шектеу қойылуы мүмкін.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Жаһандық Binance платформасында тіркелген пайдаланушылар криптовалюталарды теңгемен сатып алып-сата алмайды, сондай-ақ криптобиржадағы шотын теңгемен толықтырып немесе қаражатты теңгемен шығара алмайды. Бұл мүмкіндіктерді тек Binance Kazakhstan платформасында тіркеліп, KYC верификасынан өткен пайдаланушылар пайдалана алады.
Қазіргі уақытта P2P саудасы Binance Kazakhstan пайдаланушыларының шектеулі тобына тестілік режимде ұсынылып отыр.
Ал Binance-тің қалған негізгі мүмкіндіктері қазақстандық платформада толық көлемде ұсынылған. Олардың қатарында 400-ден астам криптовалюта мен трейдингке арналған түрлі құралдар бар.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Binance Kazakhstan екі факторлы аутентификацияны, деректерді шифрлауды қолданады және ҚНРДА талаптарын сақтайды.
Дегенмен, аккаунт пен қаражаттың қауіпсіздігіне пайдаланушының өзі де жауапты. Сондықтан барлық құпиясөзді қауіпсіз жерде сақтап, аккаунтты қорғауға арналған қауіпсіздік функцияларының барлығын қосуға кеңес береміз.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Профиліңіздегі «Binance KZ» немесе «Binance Kazakhstan» деген тег арқылы біле аласыз. Мұны тексерудің жолы:

Binance сайтында — аккаунтыңыздың белгісіне меңзерді апарыңыз. Ашылған терезеде аватарыңыз бен атыңыздың астында географиялық тег көрсетіледі.

Binance мобильді қосымшасында — Binance логотипі орналасқан жоғарғы сол жақ бұрыштағы белгіні басып, «Аккаунт туралы ақпарат» бөліміне кіріңіз. Мұнда да аватар мен атыңыздың астында географиялық тег көрсетіледі.
Егер сіз тек жаһандық Binance платформасында тіркелген болсаңыз, бірақ Қазақстан банктерінен/не теңгемен қаражат аударғыңыз келсе, онда Binance Kazakhstan-да қайта тіркеліп, KYC верификациясынан өтуіңіз қажет. Тіркелген кезде жаһандық Binance-қа тіркелу үшін қолданған e-mail-ден бөлек жаңа e-mail қолдану керек.
Егер сіз жаһандық және қазақстандық платформада да тіркелген болсаңыз, аккаунттар арасында ауысқан кезде «Binance KZ» немесе «Binance Kazakhstan» тегінің бар-жоғын міндетті түрде тексеріңіз.
Бір пайдаланушыға ең көбі жаһандық Binance-та — 1 верификацияланған аккаунт, Binance Kazakhstan-да — 1 верификацияланған аккаунт рұқсат етіледі.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Иә, егер сіз Қазақстан банктерінің картасынан Binance криптошотын толықтырып, қаражатты сол тәсілмен кері шығарғыңыз келсе және криптовалютаны теңгемен сатып алғыңыз келсе, онда тіркелуіңіз қажет.
Binance Kazakhstan-ға қалай тіркеліп, верификациядан өту туралы осы нұсқаулықта көрсетілген.
Тіркелген кезде «Binance Kazakhstan платформасында тіркеуді жалғастырып, фиат функциясын қосқыңыз келе ме?» деген сұрақ шыққан кезде, «Иә» деп таңдаңыз. «Жоқ» деп таңдасаңыз, жаһандық Binance платформасында тіркелесіз.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Бұл серіктестіктің арқасында Freedom клиенттері Binance шотын теңгемен тікелей банк картасынан немесе шотынан толықтырып, қаражатты дәл солай теңгемен шығара алады.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Freedom-ның Binance шотын толықтыру мен қаражат шығару қызметін төмендегі талаптардың барлығына сай келетін клиенттер пайдалана алады:
Назар аударыңыз: қаражат салу мен шығару операциясының барлығы Binance Kazakhstan платформасындағы жеке кабинетте жасалады.
eResidency бағдарламасы арқылы ЖСН алған Freedom клиенттері Binance Kazakhstan-нан теңгемен қаражат салып, шығара алмайды.
Жаңартылды: 22.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Жоқ, сізге Binance Kazakhstan платформасында тіркеліп, KYC верификациясынан өту қажет. Содан кейін барып қана Freedom Bank ішінде қаражат салып-шығару қызметін пайдалана аласыз.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
eResidency бағдарламасы арқылы ЖСН алған Freedom Bank клиенттері Binance Kazakhstan арқылы теңгемен қаражат салып, шығара алмайды.
Платформаны толық пайдалану үшін Қазақстандағы ХҚКО-да ресімделген ресми ЖСН керек.
Жаңартылды: 12.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?