Кешбэк есептеу
Ниеттестік бағдарламасы аясында берілетін кешбэк* Freedom Card, Deposit Card, SuperCard, Power Card, Student Card және FreePay Card картасымен алған кез келген затыңызға есептеледі: азық-түлік, киім және басқа да тауар түрлерін алыңыз, такси, кино мен театр билеттерін төлеңіз – осының барлығына деңгейіңізге қарай негізгі кешбэк беріледі, бұған қоса қосымша кешбэк те есептеледі. Қосымша кешбэк туралы басқа сұрақтан оқыңыз.
Жаңартылды: 29.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
88% «Иә» деп ойлайды
Егер сізде Freedom-нан несие бойынша мерзімі өткен берешек болса, кешбэк алуды жалғастыра бересіз.
Кешбэк алуға шектеу тек берешекке байланысты шоттарыңызға тыйым салынған жағдайда ғана қойылады. Қайтадан кешбэк алу үшін берешекті өтеп тастаңыз.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
93% «Иә» деп ойлайды
Кешбэк сізге түскен, бірақ Freedom инвестициялық валютасына ауыспаған болуы мүмкін. Кешбэкті қаржылық құжат келгеннен кейін пайдалануға болады. Кешбэк бірден ауысуы мүмкін немесе бұл процесс 14 күннен 30 күнтізбелік күнге дейін созылуы мүмкін. Бұл жағдайда күту керек.
Сондай-ақ, егер сіз Freedom Mobile дүкенінен смартфон алсаңыз, Freedom серіктесі беретін қосымша кэшбэк 14 күнтізбелік күннен кейін түседі. Ал бірақ Apple/Google/Samsung Pay төлемдеріне берілетін кешбэк пен базалық транзакциялық кешбэктер* бірден түседі.
Егер бір айдан астам уақыт өткен соң да кешбэк түспесе, қосымшадағы қолдау чатына, 595 нөміріне немесе банк бөлімшесіне хабарласыңыз.
*Кешбэк ұлттық валюта — теңгемен түсіп, клиенттің келісімімен Freedom инвестициялық валютасына (ETN) айырбасталады. Алайда кейбір санаттағы клиенттерге банк кешбэкті тек теңгемен береді.
Жаңартылды: 17.09.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Кэшбэк алмағаныңыздың бірнеше себебі болуы мүмкін:
Егер кешбэк алмағаныңыздың себебі бұл тізімде болмаса, қосымшадағы қолдау чатына.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Бір сатушыдан алған затыңызға берілетін максималды кешбэк — айына 50 000 ₸. Лимит әр айдың 1-ші күні жаңарып отырады.
Бір сатушыдан берілетін кешбэк лимиті Freedom серіктестерінен алған затыңызға қолданылмайды.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
75% «Иә» деп ойлайды
Мына жағдайларда кешбэк* берілмейді:
Карта тарифтері мен шарттары өзгеруі мүмкін. Актуалды ақпарат әрдайым мына бөлімде тұрады: «Құжаттама» → «Жеке тұлғалар үшін» тармағы → «Клиенттерге ақпарат» → ««Фридом Банк Қазақстан» АҚ ниеттестік бағдарламасының қағидалары» құжаты.
Егер FAQ бөліміндегі немесе құжаттардағы мәліметтер арасында айырмашылық байқасаңыз, бізге хабарлаңыз — төмендегі «Жоқ» батырмасын басып, қандай түзету қажет екенін жазыңыз.
*Кешбэк ұлттық валюта — теңгемен түсіп, клиенттің келісімімен Freedom инвестициялық валютасына (ETN) айырбасталады. Алайда кейбір санаттағы клиенттерге банк кешбэкті тек теңгемен береді.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
73% «Иә» деп ойлайды
Иә, есептеледі. Егер инвестициялық Freedom валютасы Банкіміздің бір картасына байланыстырылған болса, ал төлемді Freedom-ның басқа картасымен жасасаңыз, сатып алу бойынша лоялдылық бағдарламасының ережелеріне сәйкес барлық кешбэктер толық көлемде есептеледі.
Мысалы, Freedom валютасы сіздің SuperCard картаңызға байланған, ал сатып алуды Freedom Card арқылы төлейсіз. Бұл жағдайда сізге тиесілі барлық кешбэктерді аласыз.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Егер сіз алған затыңыздан бас тартсаңыз немесе тауарды қайтарсаңыз, сол операцияға берілген кешбэк шегеріледі. Алайда кешбэкті қайтару тәртібі сіздің клиенттік категорияңыз бен сатып алу түріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
1-мысал: сіз Freedom инвестициялық валютасымен кешбэк аласыз және тауарды картадан өз қаражатыңызбен төлеп сатып алып, кейін қайтардыңыз.
Бұл жағдайда банк қайтарылған заттың сомасын кешбэк сомасын шегере отырып қайтарады. Мысалы: Сіз 10 000 ₸ тауар сатып алып, оған 1 000 ₸ кешбэк алған болсаңыз, қайтарым кезінде банк сізге 9 000 ₸ қайтарады.
2-мысал: сіз Freedom инвестициялық валютасымен кешбэк аласыз және тауарды Freedom Finance Credit МҚҰ арқылы ресімделген бөліп төлеу жолымен сатып алып, кейін қайтардыңыз.
Бұл жағдайда, егер кешбэк бұрын есептеліп, Freedom инвестициялық валютасына айырбасталып үлгерсе, кешбэк шотында қайтарылған кешбэк сомасына тең теріс қалдық пайда болады. Немесе ағымдағы банктік шотыңызда қаражат болса, сол сома тікелей сол жерден ұсталады. Бұл жүйе осылай құрылған, себебі банк сіз сатып алған Freedom инвестициялық валютасын кері сата алмайды.
Кешбэк шотында теріс қалдық болса, арнайы ештеңе істеудің қажеті жоқ — жай ғана зат алу мен төлем жасауды жалғастыра берсеңіз болғаны. Кешбэк бойынша берешегіңіз автоматты түрде өтеледі.
3-мысал: сіз — мемлекеттік қызметкер не 18 жасқа толмаған Power Card пайдаланушысы болсаңыз және кешбэкті ұлттық валюта — теңгемен алып отырсаңыз.
Бұл жағдайда алған затыңыздан бас тартқан кезде банк қайтарылған затқа берілген кешбэк сомасын кешбэк шотыңыздан ұстайды, себебі мемлекеттік қызметкерлер мен балалар кешбэкті теңгемен алады.
Егер қайтарған сәтте кешбэкті картаға шығарып үлгерген болсаңыз немесе оны жұмсап қойсаңыз, онда кешбэк шотыңызда берешек пайда болады. Бұл берешек кейінгі кешбэктер есебінен өтеледі. Ол үшін ештеңе жасаудың қажеті жоқ — жай ғана Freedom экожүйесінде зат алуды және қосымша ішінде төлем жасауды жалғастыра берсеңіз жеткілікті.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Freedom инвестициялық валюталық шотыңыздағы сома кешбэкті қайтарып алу үшін жеткіліксіз болса да, банк соманы бәрібір ұстап қалады және шоттағы қалдығыңыз минусқа кетеді. Жаңа операциялардан берілген кешбэк есебінен минустағы қалдығыңыз жабылады.
Жаңартылды: 07.09.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Ниеттестік бағдарламасы аясында несие немесе бөліп төлеу рәсімдеу кезінде кэшбэк берілмейді.
Жаңартылды: 29.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Мұнда екі жағдай болуы мүмкін:
Кәдімгі ритейл-транзакция жасасаңыз — яғни Freedom экожүйесінен емес, кез келген дүкеннен зат алсаңыз, онда Freedom Bank картасынан төлеген бөлігіне ғана кешбэк түседі. Яғни:
ниеттестік деңгейіңізге қарай 1%-дан 4%-ға дейінгі базалық кешбэк,
Ниеттестік деңгейіңізге қарай токенделген төлемдерге (Apple Pay, Google Pay және басқа электрондық әмиян жүйелері) 2%-ға дейін немесе Freedom QR-мен төлем жасасаңыз (сатушыда біздің POS-терминал болуы керек) — +2%.
Егер екі түрлі банк картасынан не ақшалай түрде аралас төлем жасауға болатын Freedom экожүйесінің қатысушысынан зат сатып алсаңыз, онда Freedom Bank картасынан төлеген сомаға ғана базалық кешбэк аласыз. Ал серіктес кешбэгін алу үшін алған затыңызды міндетті түрде Freedom SuperApp мобильді қосымшасы ішінде ресімдеу қажет.
Ақшалай немесе басқа банк картасынан жасалған төлемдерге кешбэк берілмейді.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
Егер дебеттік Freedom картасын тұру ықтиярхатын алғанға дейін ресімдесеңіз, сізге кешбэк берілмейді. Карта бұрынғысынша резидент еместерге арналған шарттармен жұмыс істей береді.
Кешбэк алу үшін:
Кешбэк түсуі үшін міндетті түрде Freedom SuperApp қолданбасын орнатып, оған тіркелуіңіз қажет.
Ескерту: кешбэк тек резиденттерге арналған шарттармен ресімделген және ниеттестік бағдарламасына қатысатын карталарға ғана беріледі.
*Кешбэк ұлттық валюта — теңгемен түсіп, клиенттің келісімімен Freedom инвестициялық валютасына (ETN) айырбасталады. Алайда кейбір санаттағы клиенттерге банк кешбэкті тек теңгемен береді.
Жаңартылды: 29.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
89% «Иә» деп ойлайды
Иә, кешбэкті толықтай немесе бір бөлігін пайдалана отырып алған затыңыздың ақысын төлей аласыз.
Ескеретін жайт: кешбэктің алынатын сомасын өзіңіз таңдай алмайсыз. Төлем жасағанда пайдалануға болатын сома автоматты түрде көрсетіледі.
Егер алған затыңыздың ақысы толығымен кешбэк есебінен төленсе, сізге бұл операциядан кешбэк берілмейді.
Ал егер кешбэктің бір бөлігі қолданылып, қалған сома өз қаражатыңыздан төленсе, кешбэк картадан алынған сомаға ғана, банк серіктесі мен ниеттестік бағдарламасының шарттарына сәйкес беріледі.
Картамен төленген сома және есептелген кешбэк туралы ақпарат «Хабарламалар» — «Операциялар» бөлімінде көрсетіледі.
Және кез келген картаңызды ашып, «Соңғы операциялар» бөліміне өтіп, үзінді-көшірмені қарай аласыз. Ол жерден шоттар, карталар және Freedom валютасы бойынша барлық операциялар тарихын көресіз. Қажетті ақпаратты жылдам әрі нақты табу үшін нақты өнім мен операция түрін таңдауға болады.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
50% «Иә» деп ойлайды
Иә, енді Freedom POS-терминалдары FlyArystan, Qazaq Air және SCAT Airlines әуе компанияларының ұшақтарында қолжетімді. Сіз ұшу кезінде карта арқылы төлем жасап, 7%-ға дейін кэшбэк ала аласыз.
Жаңартылды: 13.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Иә, ереже өзгеріп жатқаны рас. Бұл өзгерістер транзакцияға берілетін кешбэк пен Freedom экожүйесінің қатысушылары — Freedom Drive, Freedom Mobile ұсынатын серіктес кешбэгіне қатысты енгізілді. Жаңа ережелер 2026 жылдың 1 наурыздан бастап күшіне енеді.
Freedom Bank кешбэк есептеу шарттарын өзгерте отырып, «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-ның Ниеттестік бағдарламасы ережелерінің 8-тарауын басшылыққа алады.
Бұрын қалай болғанын және қазір кешбэк қалай есептелетінін түсіндіріп өтейік.
Базалық кешбэк өзгерген жоқ, бұрынғы ережеге сәйкес беріледі:
Ниеттестік деңгейінің қалай тағайындалатыны туралы ережелерді деңгейлер туралы жауаптан қараңыз.
Бұрын осы жүйелермен төлем жасағанда ниеттестік бағдарламасының барлық қатысушысына деңгейіне қарамастан қосымша 2% берілетін.
2026 жылғы 1 наурыздан бастап бұл кешбэк базалық кешбэкке қосымша беріледі, бірақ енді оның мөлшері ағымдағы ниеттестік деңгейіңізге байланысты болады:
Мәселен, сіздің ағымдағы деңгейіңіз — Silver делік. Демек, базалық кешбэгіңіз — 2%, ал алған затыңызға Apple Pay-ді пайдаланып Freedom Bank картасынан жасаған төлеміңізге тағы 1% беріледі. Сонда барлығы — 3% болады.
Бұрын барлық қатысушыға +2% берілетін.
2026 жылғы 1 наурыздан бастап SuperApp ішінде жасаған төлеміңізге қосымша +2% кешбэк берілмейтін болды.
Бұрын барлық қатысушыға +1% берілетін.
2026 жылғы 1 наурыздан бастап бұл кешбэк енді берілмейтін болды.
Бұрын бұл тәсілмен төлем жасағанда +3% кешбэк берілетін.
2026 жылғы 1 наурыздан бастап +2% берілетін болды.
Базалық лимиттер өзгермейді, бұрынғыдай ниеттестік деңгейіне байланысты болады:
Бір транзакцияға берілетін кешбэк лимиті
Айына берілетін кешбэк лимиті
Бұрын бұл серіктестен алған затыңызға транзакциялық кешбэкке қоса деңгейіңізге қарамастан +30% кешбэк алуға болатын. Серіктестен берілетін кешбэк лимиті бірдей — алған затыңызға 300 000 теңгеге дейін болды.
2026 жылғы 1 наурыздан бастап Freedom Mobile-да кез келген тауарды сатып алған кезде тек серіктес кешбэгі және тек Freedom SuperApp қосымшасында жасаған төлеміңізге ғана беріледі.
Банк серіктесінің сайтында төлем жасаған жағдайда кешбэк берілмейді.
Деңгейіңізге базалық кешбэк берілмейді.
Енді серіктес кешбэгі де ниеттестік деңгейіңіз бен сатып алатын тауар санатына байланысты болады:
Samsung смартфондарын алғаныңызға:
Басқа марка смартфондарын, басқа гаджеттер мен аксессуарларды алғаныңызға:
Freedom SuperApp мобильді қосымшасында қызмет түрлеріне төлеген ақыңызға берілетін айлық максималды кешбэк мөлшері енді ниеттестік деңгейіңізге қарай беріледі:
Бұрынғыдай, бұл кешбэкке базалық лимиттер қолданылмайды.
Смартфон сатып алған кезде кешбэк төлем түріне қарамастан бірден түседі.
Перифериялық құрылғыларды (құлаққап, сағат және т.б.) сатып алған кезде кешбэк 14 күнтізбелік күн өткеннен кейін беріледі.
Егер Freedom Credit МҚҰ-дан тауарды бөліп төлеуге алсаңыз, кешбэк мөлшері енді төмен болып, деңгейіңізге қарай есептеледі:
3 айдан 12 айға дейінгі мерзімге
18 айдан 24 айға дейінгі мерзімге
Бұрын бұл серіктестен алған затыңызға транзакциялық кешбэкке қоса ниеттестік деңгейіңіз бен сатып алатын тауарыңызға қарамастан +19% кешбэк берілетін. Серіктес кешбэгінің лимиті бірдей — алған затыңызға 95 000 теңгеге дейін болатын.
2026 жылғы 1 наурыздан бастап серіктес кешбэгі 15% болып өзгеріп, ниеттестік деңгейіңізге қарамастан тек Freedom SuperApp қосымшасында Freedom Drive маркасының шиналарын алғаныңызға ғана беріледі.
Бұл тауарларға тек серіктес кешбэгі беріледі, ал транзакциялық кешбэк берілмейді. Кешбэк тауар берілгеннен кейін түседі. Серіктес кешбэгінің лимиті бұрынғыдай бірдей, бірақ енді бір рет алған затыңызға ең көбі 50 000 теңге болады. Бір транзакцияға және айына қойылатын қалған лимиттер өзгеріссіз қалады. Басқа марка шиналары мен өзге де тауарларға, керісінше, клиенттің ниеттестік деңгейіне қарай тек транзакциялық кешбэк беріледі:
Егер сіз Freedom Drive сайтынан кез келген тауар сатып алсаңыз, ниеттестік деңгейіңізге сәйкес тек транзакциялық кешбэк аласыз:
Егер карта нөмірін енгізіп төлем жасасаңыз — тек деңгейіңізге сәйкес базалық кешбэк;
Егер Apple Pay, Google Pay немесе басқа жүйенің токенімен төлесеңіз — деңгейіңізге қарай токен үшін кешбэк қосылады: +0,5%, +1% және т.б.
Сайтта төлем жасаған кезде транзакциялық кешбэк 2026 жылғы 31 наурызға дейін беріледі, содан кейін бұл мүмкіндік өшіріледі.
МҚҰ арқылы ресімдеген кезде транзакциялық кешбэк берілмейді.
Серіктес кешбэгі тек SuperApp ішінде тапсырыс берілген Freedom Drive шиналарына ғана, тауар берілгеннен кейін түседі.
Алған затыңыз Freedom Credit МҚҰ арқылы бөліп төлеуге ресімделсе, тауар берілгеннен кейін 14 күн өткен соң тек серіктес кешбэгі түседі.
Барлық кешбэк теңгемен түсіп, Freedom инвестициялық валютасына айырбасталады. Оның бағамы теңгеге тең емес. Мемлекеттік қызметкерлер мен 18 жасқа толмаған балаларға кешбэк теңгемен түседі де, басқа валютаға айырбасталмайды.
Жаңартылды: 17.09.2026
Жауап пайдалы болды ма?