Карталар
Ең көп қойылатын сұрақтар
Карталарыңыздағы шоттарды қолма-қол ақшасыз қосымшаларда немесе банктің веб-сервистерінде мынадай жолдармен толтыруға болады:
Өз шоттарыңыздың арасында SuperApp мобильді қосымшасында аударым жасаңыз. KZT, USD, RUB, EUR, CNY, TRY, AED-мен аударуға болады. Аударымдар Банк тарифтеріне сәйкес комиссия алынатын несие лимиті бар INVEST/Broker Armenia/FreePay карталарынан жасалатын аударымдарды қоспағанда, комиссиясыз және лимитсіз жасалады.
SuperApp мобильді қосымшасында аударым жасаңыз. Егер жіберушіде де, алушыда да тиісті валютадағы шоттар болса, аударым жасауға болады. KZT, USD, RUB, EUR, CNY, TRY, AED-мен аударуға болады. Аударымдар Банк тарифтеріне сәйкес комиссия алынатын несие лимиті бар INVEST/Broker Armenia/FreePay карталарынан жасалатын аударымдарды қоспағанда, комиссиясыз және лимитсіз жасалады.
Аударым жасау үшін жіберуші сіздің картаңыздың / ағымдағы шотыңыздың деректемелерін білуі қажет: IBAN, Алушының аты-жөні, ЖСН-і. KZT-пен аударуға болады. Комиссиялар мен лимиттерді жөнелтуші банк белгілейді.
Шот нөмірі бойынша SWIFT аударымын жасаңыз — ақша аударым жасалған валютамен түседі. KZT, USD, RUB, EUR, CNY, TRY, AED-мен аударуға болады. Комиссиялар мен лимиттерді жөнелтуші банк белгілейді.
Маңызды! Басқа банктен 250 000 000 KZT-ке (басқа валютадағы баламасына) тең немесе одан асатын сомаға SWIFT кіріс аударымын жасағанда қаражаттың шығу көзі туралы құжаттарды ұсыну қажет.
Freedom Bank картасын SuperApp мобильді қосымшасында VISA/MC карталарынан (Ресей Федерациясында шығарылған карталардан басқа) толтыруға болады. Тек KZT-пен аударуға болады. Комиссиялар мен лимиттерді жөнелтуші банк белгілейді.
*Банк қаражатты аударатын кезде ақшаның шығу көзін растайтын құжаттар сұратылуы мүмкін.
Жаңартылды: 05.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
60% «Иә» деп ойлайды
Сол батырманы басу арқылы картаның бұғаттауын ашуға болады.
Жаңартылды: 05.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
69% «Иә» деп ойлайды
Осы батырманы басып, картаны бұғаттай аласыз.
Жаңартылды: 05.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
61% «Иә» деп ойлайды
Жаңартылды: 05.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Жаңартылды: 05.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
89% «Иә» деп ойлайды
Картаңыздың шоттарын қолма-қол ақшамен толықтыру жолдары мынадай:
Бұл туралы толығырақ осы сілтемеден оқыңыз.
Бұл туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.
Бұл туралы толығырақ осы сілтемеден оқыңыз.
Жаңартылды: 05.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
94% «Иә» деп ойлайды
Смартфондағы немесе басқа мобильді құрылғыдағы электрондық әмиянға кез келген Freedom картасын қосуға болады. Ол үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
Сіз сондай-ақ картаңызды мобильді құрылғыңыздың операциялық жүйесіне қарамастан, стандартты электронды әмиян қосымшасына тікелей қоса аласыз.
Жаңартылды: 05.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
85% «Иә» деп ойлайды
Freedom Bank картасына жалақыңызды алудың бірнеше жолы бар.
Шоттың бар екені туралы анықтаманы бухгалтеріңізге жіберу үшін «Бөлісу» батырмасын басыңыз. Freedom Bank картасына жалақы алғыңыз келетінін нақтылаңыз.
Freedom Bank дебеттік картаңыздың деректемелерін бухгалтерияға тапсырыңыз. Бухгалтерлер біздің банкпен жалақы шарты болмаса да,сізге жалақы аудара алады.
Бұл үшін Freedom SuperApp қосымшасында карта деректемелері → «Анықтамалар мен үзінді көшірмелерге» кіріп, «Шоттың бар-жоғы туралы анықтаманы (бухгалтерияға жарайды)» жүктеп алыңыз. Онда сіздің деректемелеріңіз бен Freedom Bank деректемелері көрсетілген.
Егер сізде осы карталардың біреуі болмаса, Freedom SuperApp қосымшасында жаңа Deposit Card немесе SuperCard-ты бірден аша аласыз. Оны ашқаннан кейін бірден жалақы жобасына қоса аласыз.
*Freedom Card картасы шығаруға және қайта шығаруға қолжетімсіз.
Жаңартылды: 05.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
100% «Иә» деп ойлайды
Банктің жаңа карталары тек Mastercard негізінде ашылады. Lamine Yamal, Fifa World Cup и Димашем Кудайберген дизайнымен шығарылатын Supercard картасы VISA негізінде ашылады.
Өкінішке қарай, бұрын ашылған картада төлем жүйесін өзгерте алмайсыз.
Жаңартылды: 05.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
89% «Иә» деп ойлайды
Егер сіздің цифрлық картаңыз болса, онда пластик картаны бірнеше жолмен алуға болады:
Ең ыңғайлы тәсілі – Freedom SuperApp қосымшасында картаны жеткізу қызметіне тапсырыс беру
Қосымшаның басты бетінде керек картаны, содан кейін «Пластик картаға тапсырыс беру» батырмасын басыңыз. Ашылған экранда жеткізілетін қала мен мекенжай деректерін толтырыңыз. Деректерді тексеріп, егер бәрі дұрыс көрсетілсе, «Пластик картаға тапсырыс беру» батырмасын басыңыз.
Егер сіз Астанада не Алматыда болсаңыз, біз картаңызды 5 жұмыс күніне дейін ішінде жеткізіп береміз. Басқа қалаларда жеткізу мерзімі — 9 жұмыс күніне дейін, ал Екібастұз бен Түркістанда — 11 күніне дейін.
Картаны алған соң, курьерге өзіңізді фотосуретке түсіруге рұқсат етіңіз. Бұл картаның жеткізілгенін растауға қажет. Егер бұрын картаны жеткізу қызметімен алған болсаңыз, онда қайта тапсырыс бере алмайсыз.
Freedom SuperApp-та бар цифрлық карталардың бәрін, Freedom Card-тан басқа, жеткізу қызметімен алдыртуға болады.
Freedom картоматынан карта алу
Өзіңізге ыңғайлы картоматты таңдап, сол картоматтан пластик картаны шығарыңыз.
Картоматтан келесі карталардың пластик нұсқасын шығаруға болады:
Картоматта барлық карта бола бермейді: пластик картаны шығару мүмкіндігі дайын карталардың болуына, сонымен қатар картаның дизайны мен төлем жүйесіне (Visa немесе Mastercard) байланысты. Егер белгілі бір картаның пластик нұсқасы шығарылмаса, сол карта картомат экранындағы карталар тізімінде көрсетілмейді.
Картоматтан карта шығару қызметін тек Қазақстан Республикасының резиденттері пайдалана алады.
Жаңартылды: 05.10.2026
Жауап пайдалы болды ма?
85% «Иә» деп ойлайды